Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

11.02.2019 715

Бөлмеден шықпа

Негізгі тіл: Не выходи из комнаты

Бастапқы авторы: Иосиф Бродский

Аударма авторы: Қажытай Серікжан

Дата: 11.02.2019

***
Бөлмеден шықпа, жасама қателік,
Күн саған не керек, күндей ғой қаперің.
Мәнсіздік торлаған есіктің ар жағын,
Шаруаңды бітіріп,оралсаң болғаны. 
Бөлмеден шықпағын, басам деп әр ізге,
Өйткені кеңістік жасалған дәлізден.
Және де ол уақыттан жасалған тықылдақ,
Кіргенді қуып шық, әлемге жұтылма.
Ауырып қалдым деп өзіңді қабылда,
Əлемде ең қызық, орындық пен қабырға.
Шалдығып оралар қайтадан шалғайдан,
Бөлмеден шығуда, бар екен қандай мән. 
Билей бер, шықпай-ақ ұста да селтеңді,
Жалаңаш кеудеңе киіп ап пәлтеңді.
Ауыз үйден тамаша иістер тұр аңқып,
Əріптер көп жаздың, тағы біреу тым артық. 
Бөлмеден шықпағың қателік болмасын,
Жасырын бейнеңді тек бөлме болжасын.
Жүрекке тоқтау сал барлығың білінсін,
Көшенің шәй франция емесін ұғыншы.
Ақымақ болма да, өзге бол тобырдан,
Жиһазға еркіндік беруің қолыңда.
Есікті жауып ап, шкафқа қамал да,
Тығылып жатып ал,
хроностан, эростан, рассадан, вирустан, ғаламнан.

 

 

Podcasts

Көп оқылғандар