Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Арнайы жобалар
Аударма
Ibıray ALTINSARİN: "Setemir Han" (Сәтемір хан)

29.08.2016 3765

Ibıray ALTINSARİN: "Setemir Han" (Сәтемір хан)

Негізгі тіл: Сәтемір хан

Бастапқы авторы: Ibıray ALTINSARİN / Ыбырай Алтынсарин

Аударма авторы: Nergis BİRAY

Дата: 29.08.2016



Сәтемір хан.jpg



Setemir yedi yaşındayken babası öldü. Günlerden bir gün Setemir bozkırda oynarken yorgunluktan eski bir evin duvarına dayandı. Etrafına bakınırken, bir ayağı aksak karıncanın damın tepesine doğru tırmanmaya çalıştığını gördü, ortalara doğru vardığında aşağı düşüyor, tekrar dönüp tırmanıyordu. Öncekinden biraz daha yukarı çıksa bile tekrar düşüyordu. Karınca, üçüncü defa yine tırmandı, bütün gücüyle kaya kaya damın tepesine çıktı. Setemir bunu görünce düşünmeye başladı: Allahu Teâlâ’nın yarattığı canlıların en küçüklerinden biri karınca, küçücük karınca bile durmadan çalışıyor, üstelik aksak. Bir tırmanıyor, iki tırmanıyor, düşüyor yine de vazgeçmiyor, sonunda muradına ulaşıyor. Damın başına çıkıyor. Bunu gördüm ya, benim de bir idealim olmadan işsiz güçsüz oynamam akılsızlıkmış diye düşünüp şehre gitti.


Şehirde ilim sahibi bir âlim varmış, ona ev süpürmek için yardım etti, karşılığında da ders aldı.


Sonunda Setemir pek büyük bir danışman, ay gibi âleme padişah oldu.

Сәтемір жеті жасар күнінде атасынан жетім қалыпты. Күндерде бір күн Сәтемір далада ойнап жүріп, бір ескі тамның түбінде шаршаған соң сүйеніп, жан-жағына қарап жатса, бір аяғы ақсақ құмырсқа тамның төбесіне қарай өрмелеп барады да, орта шеніне барғанда құлап түседі. Тұра салып тағы да өрмелейді, манағыдан гөрі жоғарырақ барғанда тағы құлап түседі. Үшінші рет құмырсқа және тырмысады. Ақыр бар күшін салып, қисая-мисая барып, тамның төбесіне шығып кетеді. Мұны көріп Сәтемір ойға қалды: Құдай-Тағаланың жаратқан жан-жануарының ең кішкентайы осы құмырсқа - екеш құмырсқа да тынбай жұмыс істеп жүр. Өзі ақсақ, бір тырмысып, екі тырмысып, жығылып, сонда да қоймай, ақырында мұратына жетті. Тамның басына шықты. Мұны көріп отырып менің де талап іздемей, жұмыссыз ойнап жүргенім ақылсыздық екен, деп ойынын тастап, қалаға барды.


Қалада бір зор білімді, оқымысты молда бар екен, соған үй сыпыруға жалданып, ақысына оқу оқыпты-мыс.


Ақырында сол Сәтемір асқан данышпан, айдай әлемге патша болған.

Podcasts

Көп оқылғандар