Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Қазақ ПЕН клубының қаламгерлерге арналған үшінші ф...

05.12.2022 654

Қазақ ПЕН клубының қаламгерлерге арналған үшінші форумы өтті 14+

Қазақ ПЕН клубының қаламгерлерге арналған үшінші форумы өтті - adebiportal.kz

Желтоқсан айының 2-4 күндері аралығында Алматы қаласында «Сөз – жастарға. Жастар туралы сөз» тақырыбымен жазушылар мен публицистердің үшінші Халықаралық форумы өтті. Жас әдебиетшілер мен публицистердің кәсіби деңгейін көтеруге арнал­ған халықаралық әдеби басқосуды Қазақ ПЕН-клубы қоғам­дық бірлестігі Алматы қаласының әкімдігімен бірлесе ұйымдастырды. Форумға он екі елдің белгілі қалам­герлері және Қазақстанның қырықтан аса  жас жазушылары мен публицистері қатысты.

Қазақ әдебиетін шетелге насихаттау, әлем әдебиетінің күрделі проблемалары бойынша пікір алмасу және қазақ жазушылары мен публицистерінің шетел әріптестерімен шығармашылық бай­ланысын нығайту, жас жазушылар мен пуб­лицистердің шығармашылық проб­лемаларын талқылау, шетел жазушыларының қазақ әдебиетіне деген ықы­ласын арттыру мақсатында өткізілген форум өз міндетін сапалы деңгейде атқарды. 

Аталмыш форум Қазақ ПЕН клубы Президенті Бигелді Ғабдуллинның құттықтау сөзімен ашылды. Б.Ғабдуллин құттықтау сөзінде: «Құрметті ханымдар мен мырзалар! Қадірлі қонақтар! Мен Үшінші Халықаралық жазушылар форумына қатысушылар мен қонақтарды, бәріңізді біздің күнсәулетті Алматыда құттықтағаныма қуаныштымын. Форумға 12 елдің белгілі ақындары мен прозашылары, әдебиет сыншылары, баспагерлері және Қазақстанның 43 жас жазушысы қатысып отыр. Қонақтарды таныстыруға рұқсат етіңіздер. Осымен үшінші рет Қазақ ПЕН клубы осындай форум өткізіп отыр. Бұған дейінгі форумдарда қазіргі әдебиеттің ең күрделі мәселелері жөнінде әңгіме қозғалды. Форумдар тек Қазақстан БАҚ-ында емес, шет елдерде де насихатталды. Жастарға арналған Үшінші форумда олар үшін өте пайдалы, бұл олардың кәсіби шығармашылық деңгейін ғана көтеріп қоймайды, сондай-ақ әдебиеттер ықпалдылығын да арттыра түседі. Бүгінгі форумға осы іс-шараның бас демеушісі - Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері қатысып отыр. Мен әкімдікке шын ниетіммен ризамын, олар үшінші рет Халықаралық форумды өткізуге демеушілік жасады. Құрметті қонақтар, форум жұмысына табыс тілеймін»,- деп өз ризашылдығын білдірді. 

Үшінші Халықаралық форумның жұмысы «Жас авторларға қолдау көрсету: іздеу, кәсіби дамыту. Ілгері дамыту» атты мәселені қаузайтын пленарлық отырыспен басталып, мұнда жас жазушылардың ­баяндамасы тыңдалды. Ал «Әдеби білім: проблемалар, шешім, ұсыныстар» атты дөңгелек үстелде бүгінгі поэзия, проза, публицистикадағы ортақ мәселелер талқыланды. Сондай-ақ семинар жетек­шілері мен меймандар диспут жүргізушілері ретінде шағын топқа бөлініп, жастар шығармашылығын бірлесе безбендеді. Бұл күні Б.Кенжеев, В.Карцев, Е.Абдуллаев, Э.Гер, М.Шевченко және басқалар шеберлік сабақтарын өткізеді. 

Жазушылар мен публицистердің  Үшінші Халықаралық Форумының аясында белгілі қаламгерлер Ұларбек Нұрғалымұлы, Ерғали бақаш, Бақытбек Қадыр, Есбол Нұрахмет, Әлішер Айтуар, Айбол Исламғали қатарлы жастар проза, поэзия, публицстика номинациялары бойынша марапатталып, қаржылай сыйланды. 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Podcasts

Көп оқылғандар