Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
Мемлекеттік тілді оқыту бойынша оқу-әдістемелік құ...

01.12.2022 509

Мемлекеттік тілді оқыту бойынша оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу, шығару және тарату ережесі 14+

Мемлекеттік тілді оқыту бойынша оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу, шығару және тарату ережесі - adebiportal.kz

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Мемлекеттік тілді оқыту бойынша оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу, шығару және тарату ережесін ұсынады.

 

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
    1. Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына,  Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» 1997 жылғы 11 шiлдедегі №151 Заңына, «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» және тағы да басқа нормативті-құқықтық актілеріне сәйкес, мемлекеттік тілді оқыту бойынша үздік оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу мен олардың электронды нұсқасын шығаруды ұйымдастырудың талаптарын белгілейді.
    2. Ереже талаптарын мемлекеттік тілді оқыту бойынша үздік оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеуші авторлар, олардың үздіктерін анықтаушы сараптама комиссиясы мен электронды нұсқасын шығаруды ұйымдастырушылар, редакторлар мен корректорлар бұлжытпай орындауға міндетті.

 

  1. ҰСЫНЫЛАТЫН ӨНІМДЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ

Іріктеу комиссиясы мемлекеттік тілді оқыту бойынша оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеуде келесі әдістемелік еңбектерді қарастырады.

  1. Оқу құралы, оқу-әдістемелік құрал – ересектер мен балаларға тіл үйрену үдерісінде және оқытушылар мен әдіскерлерге тіл үйрету үдерісінде қолданылатын жаңа технологиялар мен озық тәжірибелер негізінде дайындалған әдістемелік құрал.
  2. Оқу-әдістемелік кешен – тіл үйренушінің білім мазмұнын меңгеруін қамтамасыз етуге бағытталған оқулық, оқу құралдарына ілеспе болатын жекелеген оқу және әдістемелік басылымдардың жиынтығы.
  3. Әдістемелік нұсқаулық – тіл үйрету әдістемесінің мәселелері қамтылған және оқу-әдістемелік кешенді дұрыс қолдану тәсілдерін баяндайтын оқытушылар мен әдіскерлерге арналған жетекші құрал.
  4. Әдістемелік жинақ – ғалымдардың, әдіскерлердің әдістеме тақырыбындағы еңбектері топтастырылған жинақ.
  5. Жұмыс дәптері – тіл үйренушілерге арналған оқу құралының қосымша дәптері.
  6. Мәтіндер жинағы – ересек тіл үйренушілерге арналған көркем, публицистикалық, танымдық мәтіндер жинағы.
  7. Тілашарлар – тіл үйрету мақсатында қолданылатын, белгілі бір лексикалық мазмұнды қамтитын балаларға, ересектерге, туристерге т.б. арналған екі, үш, көптілді тілашарлар.
  8. Сөздіктер  

 

  1. ІРІКТЕУ КОМИССИЯСЫ
    1. Мемлекеттік тілді оқыту бойынша ұсынылған оқу-әдістемелік құралдардың ішінен үздіктерін іріктеу үшін арнайы іріктеу комиссиясы құрылады. 
    2. Комиссия құрамына қазақ тілін оқыту әдістемесі саласындағы ғалымдар, тіл мамандары, әдіскерлер, қоғам қайраткерлері кіреді.
    3. Комиссия құрамын Тіл саясаты комитеті бекітеді.
    4. Іріктеу комиссиясының отырысы ұйымдастырылады.
    5. Комиссия жұмысының нәтижесі жабық дауыс беру арқылы анықталады.
    6. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының даусы шешуші дауысқа ие болады.
    7. Ұсынылған еңбектермен танысу үшін комиссия мүшелеріне еңбектердің электрондық нұсқалары мен аннотациясы, ұсыныс хаттары алдын ала жолданады.
    8. Комиссия жұмысы хаттама ретінде рәсімделеді, комиссия мүшелерінің пошталарына хаттама жобасы жолданады, келісім болған соң қағаз күйінде шығарылып, қолдары қойылады.
    9. Іріктеу комиссиясының төрағасы мен мүшелері өз өнімдерін ұсына алмайды.
    10. Бұрын жарық көрген өнімдер қабылданбайды.

 

  1. ІРІКТЕУ КОМИССИЯСЫНА ҰСЫНЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
    1. Ұсынылған еңбектер Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының бағыттарына, индикторларына және осы ереженің 2-ші тармағына сай болуы қажет.
    2. Еңбектердің мазмұны еліміздегі тіл саясатына, қоғамдық этикаға, моральдық талаптарға сай болуы тиіс.
    3. Ғылыми-әдістемелік құралдар мемлекеттік тілді үйрету әдістемесін жетілдіру немесе тілдерді үйретудің тиімді әдіс-тәсілдерін ұсыну бағытында дайындалған болуы керек.
    4. Әдістемелік құралдар қазақ тілін үйретудің қазіргі заманауи талаптарына сәйкес болуы қажет.
    5. Ұсынылған еңбек бұрын мемлекеттік тапсырыс бойынша жарық көрмеген болуы керек.
    6. Ұсынылған еңбектерді сараптама барысында жаңашылдығына, заманауи технологияны қолдану деңгейіне басымдық беріледі.
    7. Ұсынылған еңбектерге міндетті түрде сол сала бойынша 2 (екі) ғалымның пікірі болуы керек.
    8. Ұсынылған еңбектердің мазмұнының дәлдігіне, тілдік сауаттылығына және деректердің растығына авторлар жауап береді.
    9. Іріктеу комиссиясы мақұлдаған еңбектің ҚР Әділет министрлігі тарапынан берілетін авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі болуы тиіс, авторлық құқық алу өнім берушінің жауапкершілігінде.
    10. Еңбектерді сараптама барысында қазақ тілін үйрету барысында қажеттілігі мен тиімділігі негізделген жағдайда облыстық тілдерді оқыту орталықтарының ұсыныстарына басымдылық берілетін болады.
    11. Іріктеуден өтпеген өнімдер қайта қарауға және талқылауға жатпайды (өтпегені туралы анықтама немесе негіздеме берілмейді).

 

  1. ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ
    1. Орталықтың tilalemi.kz сайтында және «Тіл-қазына» ұлттық орталығының әлеуметтік желілердегі парақшаларында осы ереже орналастырылады.
    2. Өнімдер мына электрондық мекенжайға жіберіледі: tilortalyk@mail.ru

Байланыс телефоны:

44-88-68

 +7 701 318 48 18

  1. Өтінімдер 2022 жылдың 25 қарашасынан бастап осы жылғы 4 желтоқсанға дейін қабылданады. 
  2. Өтінімге төмендегі материалдар қоса беріледі: 
  3. Осы ереженің 1-қосымшасындағы нысанға сәйкес толтырылған өтініш;
  4. Осы ереженің 2-қосымшасындағы нысанға сәйкес толтырылған өнім туралы анықтама;
  5. Ұсынылған өнім А4 форматында, Times New Roman қаріп түрімен, №14 өлшеммен, «бірлік» жол аралығымен терілген еңбектер электронды нұсқада PDF форматында (CD диск) ұсынылып, авторлары, жетекші ұйымдары көрсетіледі;
  6. Өнімнің мазмұнына сәйкес аудио және бейне нұсқалары немесе мультимедиялық қосымшалары болған жағдайда әдебиетпен бірге  ұсынылады.

 

  1. ӨТІНІМ ЖӘНЕ ОҒАН ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР МЫНА ЖАҒДАЙЛАРДА ҚАРАЛМАЙ, КЕРІ ҚАЙТАРЫЛАДЫ
    1. Көрсетілген мерзімінен кеш ұсынылған еңбектер.
    2. Осы ережеде көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін өнімдер.
    3. Құжаттар тізімі толық тапсырылмаған жағдайда. 

1 қосымша

 

«Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» 

ұлттық ғылыми-практикалық

  орталығы»  КеАҚ Бас директоры 

Е.Тілешовке

                                                    кімнен___________________________

                                                                  __________________________

    __________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы; тұрғылықты мекенжайы немесе заңды мекенжайы, байланыс телефоны

 

Өтінім

 

Мемлекеттік тілді оқыту бойынша оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу, шығару және тарату бойынша келесі өнімді қарастыруды сұраймын:

________________________________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________.

(автордың тегі, аты, әкесінің аты, еңбектің атауы, тілі, шартты баспа табақтағы көлемі, бояуы, қысқаша мазмұны)

 

Өтінімге қоса берілген құжаттар тізімі:

1.

2.

3.

4.

____________________

(жеке тұлғаның қолы немесе

заңды тұлғаның атауы)                                                               Мөр орны 

                                                                                        (болған жағдайда)

 

Өтінім беру күні «      » __________20__жыл

2 қосымша

 

 

Өтінімді рәсімдеу

 

 

Өнімнің атауы

Аннотациясы

Форматы, бояуы, көлемі (шартты баспа табақ)

Авторы

1

 

 

 

 

 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Podcasts

Көп оқылғандар