Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«KitapTime - 2022» жалпы республикалық кітап фести...

21.09.2022 1198

«KitapTime - 2022» жалпы республикалық кітап фестивалі өтеді

«KitapTime - 2022» жалпы республикалық кітап фестивалі өтеді - adebiportal.kz

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 23 қыркүйек күні сағат 10.00-18.00 аралығында «KitapTime – 2022» жалпы республикалық кітап фестивалі өтеді. 

«KitapTime - 2022» фестивалінің мақсаты – кітап оқу мәдениетін көтеру, әдебиетті насихаттау, тұрғындарды кітапханаларға тар­ту және оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру

Фестиваль аясында:

Кітап көрмесі

–Кітап жәрмеңкесі

Буккросинг

«АвтографTime»

KazakhComic

«Журналистің қоғамдық миссиясы»  (Бас редакторламен кездесу)

 «ПоэзияParty»

«Non-Fiction»

«Блогерлер құпиясы»,

«OYNA» балалар институтымен бірлесе өтетін «Оқимыз, жазамыз, сурет саламыз!» шарасы

Моно қойылымдар, және басқа да мәдени шаралар өтеді.

Сондай-ақ, «Отандастар қоры» КЕ АҚ ұйымы алыс-жақын шетелде тұратын қазақтарға «ӘР ҚАЗАҚҚА БІР КІТАП!» жобасымен кітап сыйлау акциясын жариялайды.

Аталмыш шараға зиялы қауым өкілдері, қаламгерлер, суретшілер, ұстаздар, әртістер, студенттер, оқушылар, БАҚ өкілдерімен бірге Несіпбек Айтұлы, Тұрсын Жұртбай, Айгүл Ісмақова, Маралтай Райымбекұлы, Елена Әбдіхалықова, Жанат Әскербек, Роза Мұқанова, Айгүл Кемелбаева, Дәулеткерек Кәпұлы  Танакөз Толқынқызы, Бауыржан Қарағызұлы сынды бір топ зиялы қауым қатысады.

Байланыс ақпараттары: 

Астана қаласы,  Достық көшесі, 11. 

e-mail: uak_2022@mail.ru 

 тел:+7 775 768 76 28


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Podcasts

Көп оқылғандар