Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Мультимедиа
Фото
«Сұлулық әлемді құтқарады» халықаралық симпозиумы

«Сұлулық әлемді құтқарады» халықаралық симпозиумы

Орал қаласындағы «Атамекен» өнер ордасында «Сұлулық әлемді құтқарады» халықаралық симпозиумы өтіп жатыр. Симпозиумның мақсаты – Халықаралық дәрежедегі суретшілермен тығыз байланыс орнатып, еліміздің мәдени қорын кеңейту, қазақ елінің мәдениеті мен өнерін, әлеуметтік-экономикалық дамуын, рухани баюын суретшілердің қылқаламы арқылы жеткізу. Сонымен қатар өскелең ұрпаққа патриоттық, эстетикалық тәрбие беру, халықаралық суретшілер арасындағы достық, мәдени-шығармашылық байланыстарды дамыту және нығайту. Симпозимның ерекшелігі – сурет өнерін дамыту. Көптеген жас суретшілерге кәсіби суретшілермен тәжірибе алмасып, біліктілігін арттырып, шығармашылығын шыңдауға мүмкіндік жасау. Оларды Халықаралық көрмелерге қатысып, құнды дүниелер жасауға баулу. Халықаралық суретшілердің басын қосып, тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін жоба 2018 жылдан бері өткізіліп келеді. Биыл іс-шара Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтіп жатыр. Симпозиумға 20-ға жуық суретші қатысып отыр. Жоба аясында пленэр, конференция, көрме және шеберлік сағаттары өтуде.

18.06.2022
Бөлісу: