Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Ғасыр нұры
Ғасыр нұры
Рейтинг: 3.29
ISBN:
978-601-7337-12-4
Беттер саны:
320
Жанр:
Ғасыр нұры
Ұсыну

Көрнекті қаламгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Шәрбану Құмарованың «Ғасыр нұры» романында өткен жиырмасыншы ғасырдың басы мен соңындағы оқиғалар кезек алмасып, бүгінгі жиырма бірінші ғасыр кезеңімен жалғасады. Теңіз асты иіріміндей кесек-кесек баяндар, әрқайсысы жеке дара хикаят болып жазылғанымен, бір-бірімен терең астаса, күрделі оқиғалар желісін құрайды. Бұл – шығарманың өзіндік ерекшелігі. Басты тақырып – адам тағдыры.

Жазушы махаббат тақырыбын да тыс қалдырмаған: Елшібек – Сұлуқас, Мінуар – Шынаргүл, Нұрқасым – Биғаным араларындағы шынайы сүйіспеншілік шытырман харекеттерге толы. Өмірдің бұралаң жолдары жарға соққан толқындай бұларды қуанышқа да, қайғы-қасыретке де ұрындырмай қоймайды.

Романның тілі шұрайлы, шеберлік пен суреткерлік атты көркемдік тәсіл қаламгер стиліне әу бастан тән. Кітапқа бұдан басқа «Мың жылдық сағыныш», «Замана зары», «Би әлемі – Шара» – хикаяттарымен бірге Ш.Құмарова жайлы жылы лебіздер енген.

Қатысты кітаптар
Шыңырау Әбіш Кекілбайұлы
Күй Әбіш Кекілбайұлы
Ананың анасы Ғабит Мүсірепов
Podcasts

Көп оқылғандар