Әкім Тарази
Әшімов Әкім Үртайұлы (Әкім Тарази) 1933 жылы 9 қыркүйекте (Алматы қаласы, Стандарт көшесі, 18 үй, 5 пәтер) дүниеге келді. Орта мектепті 1950 жылы Жамбыл обылысы, Луговой (Рысқұлов), Жаңа тұрмыс ауылында бітірді.
1957 жылы Абай атындағы мемлекеттік педагогика институтының филология факультетін бітірді. 1957-1959 жылдары Жамбыл обылысы, Шу ауданы, Жаңа тұрмыс орта мектебінде орыс тілі мен әдебиет сабақтарынан білім берді. 1960-1962 жылдары Мәскеудегі жоғарғы кинематография курсында (КСРО мәдениет министірлігінде) дәріс тыңдады.
1962 жылы «Литературный газет» (Мәскеу) Қазақстандағы меншікті тілшісі,
1964 жылдары “Қазақфильм” киностудиясында, бас редактор,
1970-1980 жылдары Қазақстан киногерлер Одағының бірінші хатшысы, КСРО киноматография Одағының хатшысы.
1980-1986 жылдары шығармашылық кезеңі.
1986-1990 жылдары Қазақстан жазушылар Одағының хатшысы
1991-1994 жылдары Мәдениет министірлігінің кеңесшісі
1993-1996 жылдары Қаржы-қаражат журналының бас редакторы
1994-2004 жылдары Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының профессоры
2009 жылы Астанадағы Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің профессоры, Қазақстан жазушылар Одағының (2007) филиал жетекшісі.
Әкім Таразидың алғашқы шығармалар жинағы «Ақбердінің ауласы»,»Бұлтқа салған ұясын», «Тасжарған» романы, «Қорқау жұлдыз» романы, «Шер», «Қиянат», «Мұстафа Шоқай», «Тәж», «Жаңбырлы түндер» романдары,
Қазақ киносының алтын қорына қосылған кинотуындылары: «Тұлпардың ізі», «Арман атаман», «Қараш-қараш», «Мұстафа Шоқай»
Қазақ театрларының сахнасындағы драматургиялық шығармалары: «Күлмейтін комедия», «Жақсы кісі», «Жолы болғыш жігіт», «Ақын, періште, махаббат», «Індет», «Махамбет», «Лайнер», «Үкілі жұлдыз», «Қыз махаббаты» т.б.Жазушының бірқатар дүниелері орыс, қытай, поляк, болгар, ағылшын тілдеріне аударылды.
Әкім Тарази Н.Я. Бичуриннің «Орта Азияны мекендеген халықтардың көне заманғы тарихы», «Мыңқолдың төрт ханы» тарихи ғылыми-зерттеу еңбегін
Ф. Рабленың «Гаргантюа және Пантагрюэль» романын алғаш қазақ тіліне аударды
1994 жылы «Құрмет белгісі» ордені, 1997 жылы «Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері» мемлекеттік наградалармен,1999 жылы Қазақстанның Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, 2011 жылы Франц Кафка атындағы халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты (Прага) атағына ие болды, 2015 жылы «Отан» ордені мемлекеттік наградамен марапатталды.
Көп оқылғандар
2024 жылғы әдеби Нобельге кім ие болды?
Сәкен Сыбанбай. Суыту, қайта қарау деген қалып барады
Мия Алгожаева. Жер салқын (мистикалық әңгіме)
«Алматы ашық әдебиет» мектебі қандай мектеп?
Алтай асқан армандарға асығам
Максималар мен қоғамдық ойлар...
«Көркемтаймен» қайта қауышты
"Бүгінгі қазақ әдебиеті жүз жылдықтармен өлшенеді..."
«Қыпшақ Қоңыр» – түркі әлемінің ортақ қазынасы
Арда Алтайдағы Абай шәкірті (ақын, жазушы, драматург Мағаз Разданұлының 100 жылдығына орай)
Qalamdas әдеби сыйлығының үшінші маусымы басталды
Сәкен Сейфуллинге арналған конференция өтті
Баланы бауырына басты, қазақ не тапты?
Ерлан Ібітанов. Көп адам әкемнің адалдығынан сескенетін...
«KitapTime-2024» ІІІ жалпы республикалық кітап фестивалі
Боладысы да, болдысы да қызық болды...
Бауыржан Жақып. Әдеби жобамыз үш жылға арналған...
Естен кетпес үш кездесу (эссе)
ҚАЗАҚ ӨЛЕҢІ. ТАРЫНЫҢ ҚАУЫЗЫ
Қанатын суға малған, отқа малған...
ҒАЙЫП ӘЛЕМ. ӘДЕБИ СУБЛИМАЦИЯ-І
Көп жазу мен аз жазу...
Қасымхан Бегманов. Грузияның ұлттық мұрағатынан құнды мағлұматтар мен деректер таптым...
2024 жылғы әдеби Нобельге кім ие болды?
Дәстүр мен модерннің тартысы. Постиндустриалды қоғам
ҒАЙЫП ӘЛЕМ. ӘДЕБИ СУБЛИМАЦИЯ-ІІ
«Үздік комедиялық пьеса» байқауы