Өтеген Күмiсбаев
Өтеген Күмісбаев (1939 – 2016) 20 мамырда Қызылорда облысы Жалағаш ауданында туған. Қызылорда қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін, аудандық газетте әдеби қызметкер болып істеген. 1963 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан»), «Қазақ әдебиеті» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып істеді. 1969-74 жж. Мәскеудегі КСРО ҒА-ның Шығыстану институтында оқып, осы институттың аспирантурасына түскен. 1974 жылы «Тұрмағамбет Ізтілеуов және оның «Рүстем-Дастаны» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Көп жыл бойы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ұстаз болды. Филология ғылымдарының докторы. Оннан астам өлең, әңгіме, повесть, ғылыми кітаптардың авторы. Өлеңдері орыс тіліне аударылып, «Солидарность», «Литература и ты», «Мы – молодые» секілді Мәскеуде шыққан жинақтарда басылған, шет елдер тіліне аударылған. Парсы-үнді классигі Әмір Хұсрау Дехлевидің «Жұмақтың сегіз бағы» дастанын түпнұсқасынан, сондай-ақ М.Рыльскийдің «Раушан мен жүзім» өлең-поэмалар кітабын (1987) тәржімалады. Р.Ғамзатов, Вс.Рождественский, Явухулан жырларын қазақшалаған. Поляк революционері Янушкевич жөнінде роман жазған.
Шығыс әдебиеті мен қазақ әдебиетінің өзара байланысын зерттеуге арналған «Терең тамырлар», «Абай және Шығыс» (1995), «Мұхтар Әуезов және әдебиет әлемі» (1997) монографиялары бар.
Шығармалары: Тұңғыш. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1964; Алақан. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1966; Менің кішкентай үйрегім. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1968; Жапырақтар түсіп жатыр. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1969; Ақбота. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1972; Ақ шолпан. Өлеңдер, поэмалар. А., «Жазушы», 1974; Ауылдан шыққан жол. Әңгімелер.
«Жазушы», 1975; Горный кумыс. Стихи. М., «Советский писатель», 1976; Степная рапсодия. Стихи. М., «Советский писатель», 1983; Екі перне. Сын. А., «Жазушы», 1980;
«Тұрмағамбет Ізтілеуов және оның «Рүстем-Дастаны». Монография. А., «Наука», 1982; Ортақ арна. Сын. А., «Жазушы», 1985; Казахская поэзия и Восток. Монография. А., 2000; Иран әдебиетінің тарихы. Монография. А., 2002.
Көп оқылғандар
«Ақан да Жалмұқан да бір-бірімен сыйлас адамдар болған...»
«Ұйқыдағы ару» балет театрында
Қазақ әке - қандай әке?
Сағындық Рахымжан. Қарғыс (әңгіме)
Базарбай Алтаев. Бір сәт және бүкіл ғұмыр...
Нұрхалық Абдырақын. Жаңа замандағы Қытай әдебиеті
Максималар мен қоғамдық ойлар...
Маржан Ершу. Маңғыстау. Рысалы батыр
Жанай Амантурлин. Жетімнің көз жасы (әңгіме)
Әдебиетіміздегі әкелер образы
Тұспалды тұлға
Фариза Әбдікерімова. Жүрек жоқ жерде, ізгілік жоқ
«Күй» повесі театр сахнасында
Абай тойы – халық тойы
Елена Клепикова, Ксения Земскова. Карантиндік кішкентайлар
Жібек Болтанова. Сөнбейтін жұлдыз
Оралхан Бөкей: «Әттең, Терісаққанға Есіл құйса ғой…»
Камал Әлпейісова. Атыңды ұмытпа, ұлым!
Абыройлы ақын, ардақты ана...
Ұлан Қабыл: «Грушені өлтіру – мен үшін ең ауыр шешім болды»
Әулеттің ендігі иесі – «смартфон-ұрпақ»
Атырау өңіріндегі жыршылық дәстүр
Асылбек Ықсан. Британ мысығы
Бала тәрбиесі: кеше, бүгін, ертең...
Қазақ әке - қандай әке?
Ораз Исаев әдебиетке қалай қамқорлық жасады?
Mecenat.kz байқауының жеңімпазы анықталды
Балғындарға базарлық