Кәмел Жүністегі
Кәмел Жүністегі - 1939 жылы 27 қаңтарда Шет өңірінде, Ақсу-Аюлы селосында туған. Ауданы комсомол комитеттінің бөлім меңгерушісі, 1960 жылы Қарағанды педагогикалық институтына оқуға түскен. 1962 жылы қазақ жастары жасырын ЕСЕП-тің (Елін сүйген ерлер партиясы) ұйымдастырушысы ретінде саяси айыпталған. 1967 - 84 жылдары мектепте мұғалім, 1984-88 жылдары оқу бөлімінде, "Білім" қоғамында (1988), 1989-92 жылы мұражайда қызмет еткен. 1992 жылдан "Заман" газетінде редактор. Орта мектепті 1956 жылы ойдағыдай бітірген Кәмел Жүністегі 1959 жылы аудандық комсомол комитетінің бөлім меңгерушісі болып еңбек жолын бастаған. 1960 жылы Қарағанды Педагогика институтының тарих факультетіне оқуға түседі. Осы кезде-ақ, асқақ қиял жетегінде жалынды жас К.Жүністегі елдің тарихын білу мен қоғамдағы сол кездегі саяси-әлеуметтік қатынастарға араласу қызықтырған еді. 1962 жылы қазақ жастары арасында құрылған, "ЕСЕП" (Елін сүйген ерлер партиясы) партиясын ұйымдастырушылардың бірі ретінде, жерлес досы, ақын Зейнолла Игілікұлы екеуіне саяси айып тағылып, Сібірдегі лагерьде болған. Жазасын өтеп оралған соң, 1966 жылы қайтадан институттағы оқуын сырттай жалғастырып, 1977 жылы ойдағыдай бітірген. Сол, 1966 жылдан 1984 жылға дейін аудан орталығындағы М.Горький атындағы мектепте тарих пәнінің мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі, 1984-1989 жылдары аудандық білім бөлімінде әдіскер болып қызмет еткен. 1989 жылдан 1992 жылға дейін аудандық мұражай директоры, 1992-2005 жылдары аудандық "Заман" газетінің редакторы болып қызмет атқарды.
К.Жүністегі Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР мәдениет қайратекері, С.Сейфуллин атындағы сыйлықтың иегері, "Дос көңілі", "Көне хикая", "Көксеу", "Көксеңгірдің тасында", "Соңғы Абыз", "Ұлы пайғамбар жане ұрпақтары", "Шырағдан", "Қоңыр Құлжа", "Мөрші", "Арманым оттан өрілген", "Едіге", орыс тілінде "Вожак" «Адам, қайда барасың?» кітаптарының, "Құба белдер" трилогиясының, "Тар заман" спектакілінің авторы. Зерттеу барысында құрастырып, жазған кітаптары: "Бір ауыз сөз", Шортанбай жырау "Қай заман", Хазірет Әлі "Меруерт қайнар". Әуесқой композитор ретінде танымал "Арқа самалы", "Аяулым", "Домбыра", "Туған жер", "Жаз келді", "Жас алаш", маршы әндерін шығарған. Өлкетанушы ретінде көпшілікке мәлім. Шет өңірінен шыққан ұмыт болған Шортанбай жырау, Диа қажы, Қақпан ақын, Төлеубек, Хасен, Жәкен, Тәшен, Маясар, Түсетай, Сәрінжіп, Оқа ақындардың шығармашылығын зерттеп, аудандық, облыстық, республикалық басылымдарға жариялады. Қыздарбек, Әбди, Сембек күйшілердің, Абылай ханның күйін зерттеуде көп еңбек еткен. Осы өңірде кезінде әділдігімен аты шығып, өз заманынан озық туған дуалы ауыз Бәйсейіт би, Жанқұтты шешен, Дүйсенбай, Қара билердің өмір жолын, ұлағатты ісін зерттеп жарыққа шығарды. Елін қорғаған дуылғалы батырлары Жидебай, Сеңкібай, Жарылғап, Ағабай, Дәріпсалы, Сазанбай батырлар жайында алғаш қалам тартқан. Осы өңірде өмір сүріп, заманында елге үлгі бола білген, тарихта ізі қалған әз аналар Қарқабат, Борсылдақ (Қырғи), Құрақ, Дәрі, Талмойын, Баршын қыз, Шеруке қыздың есімі мен қасиеттерін келешек ұрпаққа жеткізу де осы кісінің талмай ізденісінің нәтижесі. К.Жүністегінің ұсынысы ынтасы арқылы "Зұлмат жылдары", "Кенесары жұртында", "Тасқа тұнған құпия", "Дойыбы тас", "Қыздарбек күйші", "Шортанбай жырау", "Жәкен ақын" бейнетаспалары жазылып, деректі телефильмдер дүниеге келді. К.Жүністегі қандай шығарма жазбасын, қандай жиында сөз сөйлемесін, айтар ойының түпкі түйіні–ұрпақ тәрбиесі, ұлттық салт-дәстүрінің, әдет-ғұрыптың тиімді тұстарын қазіргі жастардың санасына сіңіріп, имандылыққа, жан тазалығына биік адамгершілікке шақыру. К.Жүністегі өлке тарихын зерттеу, насихаттау ісіне қыруар еңбек сіңірді. Кенесары ханның патша әскерлерімен соғыс алдында салдырған қамалының қалдығын тауып, сол жөнінде газет-журналдарға ғылыми мақалалар жариялады.
Белгілі ғалым, жазушы, этнгограф Кәмел Жүністегі 2023 жылдың ақпан айының екінші жұлдызында, 84-ке қараған жасында дүниеден өтті.
Көп оқылғандар
Әділет Ахметұлы. Сағыныш - егіз ұғым Жәркенменен
Саянның жаңа тынысы
"Махамбетті оқысам да, өлеңде басқа жолмен кеттім..."
Жазушы және қолжазба: қаламұш, мәшіңке, компьютер
Роза Мұқанованың шығармашылық әлемі
Арайлым Хабиболла. Қос жанарын күнәсіз жасқа малып...
"Танакөз" театрда
Автордың көмескіленуі
Роза Мұқанова шығармашылығы: әдебиет, театр, кино
Роза Мұқанова шығармашылығы аясында шеберлік дәрісі өтті
Бүгінгі проза: әдеби редакторлық дәстүр неге үзілді?
Жақсының көзі...
Домбыраның алтыны, қоласы бар...
«Кітапханашы күнделігі» сахнадан оқылды
2024 жылғы әдеби Нобельге кім ие болды?
Гүл Зарқұмар. Алтайыммен тамырлас ем, тіндес ем
Сәкен Сыбанбай. Суыту, қайта қарау деген қалып барады
Екеудің Сартр жайлы әңгімесі
Жұмат пен Қасымхан Шаниндер
Биліктің табиғаты: Біз билікке не үшін қызығамыз?
Жолтай ЖҰМАТ-ӘЛМАШҰЛЫ. СІҢІР ҚАЙНАТПАСЫ (Әңгіме)
Ерғали Бақаш. Үрей
Әділет Ахметұлы. Сағыныш - егіз ұғым Жәркенменен
Қаламгерлер «Құрмет» орденімен марапатталды
Максималар мен қоғамдық ойлар...
«Қыпшақ Қоңыр» – түркі әлемінің ортақ қазынасы
ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЭКОЛОГИЯСЫ