Баянғали Әлімжанов
ӘЛІМЖАНОВ БАЯНҒАЛИ 1954 жылы 16 қазанда Ақмола облысы Біржан сал ауданы Степняк қаласында туған. ҚазМУ-дың қазақ филология факультетін бітірген (1977). Сәбит Мұқанов мұражайында, «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті», «Кітап жаршысы» газеттерінде, «Қазақфильм» киностудиясында, «Балдырған», «Жұлдыз» журналдарында, «Көкшетау правдасы» газетінде, Ш. Хұсайынов атындағы Ақмола облыстық музыкалық драма театрында қызмет істеген.
Ақын, драматург, жазушы, айтыс ақыны, жыршы-жырау, манасшы, кинорежиссер, сценарийші, актер, сыншы, сатирик, әдебиет пен өнер зертеушісі, балалар ақыны және балалар жазушысы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қырғызстанның А.Малдыбаев атындағы Халықаралық сыйлығының лауреаты. Біржан сал ауданының Құрметті азаматы.
Қырықтан астам кітабы, он алты томдық шығармалар жинағы шыққан. Көптеген өлең, поэма, жырлардың, балаларға арналған өлеңдердің, жиырмадан астам пьесаның, повесть, әңгімелердің, киноповестердің, ән мәтіндерінің авторы. Пьесалары Қазақстанның жиырмаға жуық театрында сахналанған.
Орыс тілінде жазған «Сказ столетнего степняка» атты романы, «Разрешите жить!», «Аблай хан и его батыры» повестері Мәскеуден, «Художественная литература» баспасынан шыққан (2019). «Романгазетада» (№7. 2019) романы мен повесі, «Детская роман-газетада» (№ 9. 2019) «Доброжелательный Аскар» ертегісі жарияланған.
1984 – 2005 жж.республикалық, халықаралық деңгейде 216 рет айтысқа қатысып, жиырма екі рет бас жүлдеге ие болған.
Қазақтың ескі жырларын көп жылдардан бері ел ішінде жырлап келеді. Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасын ең алғаш ХХ ғасырдың жетпісінші жылдарынан бастап жырлаған. Тарақты Байғозы батырдың 300 жылдық (2005 ж. Қарағанды обл.), Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 150 жылдық (Павлодар, 2008 ж.) тойына арналған жыршы-жыраулар байқауының бас жүлдегері. Ол қазақтан шыққан бірден-бір манасшы. Манастың мың жылдығында Халықаралық манасшылар (Қырғызстан, Бішкек 1995 ж.) байқауына қатысып, арнайы жүлдеге ие болды. Халықаралық Саяқбай Қаралаев қорының «Саяқбай манасшы» медалімен, Халықаралық Түркі академиясының «Түркі әлемінің Манасшысы» куәлігімен марапатталған. Оның бастамасымен 2006 жылы Астана-Көкшетауда Паң Нұрмағамбет киностудиясы ашылып, «Ән мен анаша» (2006 – 07), «Аран» (2010), «Айхан» (2011), «Асау толқын» (2012) атты төрт көркем, алты деректі фильм түсірілді. Бұл фильмдердің барлығының да сценарий авторы және қоюшы режиссері – Б.Әлімжанов. «Аран», «Айхан», «Асау толқын» фильмдерінде басты рөлдерде ойнаған.
Шығармалары орыс, ағылшын, араб, испан, француз, қытай, неміс, түрік, өзбек, қырғыз, жапон, ұйғыр, қарақалпақ, татар, башқұрт, удмурт және монғол тілдеріне аударылған.
Шығармалары:Қиқыматтың хикаялары. («Жалын», Алматы, 1982); Ұя. («Жазушы», Алматы, 1985); Жынды Қаратайдың қасіреті. (Омск, 2000); Ауылдың ақ самалы. («Елорда», Астана, 2003); Әзіл шуағы. (Кокшетау, 2004); Алаш пен Манас. (Қырық айтыс). (Новосибирск, 2004); Деген екен. (Новосибирск, 2004); Аңыз бен аспан. (Алматы, 2010); Өмірдің өзі. («Фолиант», Астана, 2014); Қиянатқа қарсылық. («Фолиант», Астана, 2014); Статьи, отзывы. Интервью, факты. На казахском и русском языках. («Келешек», Кокшетау, 2014); Қорасан қарақшының қолмергені. Поэма. («Келешек», Көкшетау, 2014); Дариға қыз. («Келешек», 2014); Разрешите жить! («Келешек», 2015); Аблай хан и его батыры. Легенды Великой степи. Повесть-легенда для детей и юношества (на рус.яз.). («Фолиант», 2015); Ғарыш пен қазақ. Өлеңдер мен поэмалар. («Таймас», Алматы, 2015); Шыршадағы шытырман. (Балаларға арналған өлеңдер). («Таймас», 2015); Мальчик, победивший Джалмауз (Сказки). (Кокшетау, 2016); 16 томдық Шығармалар жинағы. (2015 – 19); B.Alimzhanov. Доброжелательный Аскар (Сказка). Мейірімді Асқар Benevolent Askar. Wohlwollender Askar. На четырех языках. (Астана, 2018); Б.Әлімжанов. Әлем әуендері. Өлеңдер. (Астана, 2018); Б.Әлімжанов. Қырғызым, бірге туғаным. (Өлең, жыр, айтыстар). (Кыргызы мои братья.. Стихи, поэмы). (Астана, 2018); Б.Алимжанов. «Сказ столетнего степняка». Роман-сказание. (Астана, 2018); Б.Әлімжанов. Түгел түрік баласы. (2018); Б.Әлімжанов. «Батыр болмақ сойдан-дүр». (Астана, 2019).
Көп оқылғандар
Әділет Ахметұлы. Сағыныш - егіз ұғым Жәркенменен
Саянның жаңа тынысы
"Махамбетті оқысам да, өлеңде басқа жолмен кеттім..."
Жазушы және қолжазба: қаламұш, мәшіңке, компьютер
Роза Мұқанованың шығармашылық әлемі
Арайлым Хабиболла. Қос жанарын күнәсіз жасқа малып...
"Танакөз" театрда
Автордың көмескіленуі
Роза Мұқанова шығармашылығы: әдебиет, театр, кино
Роза Мұқанова шығармашылығы аясында шеберлік дәрісі өтті
Бүгінгі проза: әдеби редакторлық дәстүр неге үзілді?
Жақсының көзі...
Домбыраның алтыны, қоласы бар...
«Кітапханашы күнделігі» сахнадан оқылды
2024 жылғы әдеби Нобельге кім ие болды?
Гүл Зарқұмар. Алтайыммен тамырлас ем, тіндес ем
Сәкен Сыбанбай. Суыту, қайта қарау деген қалып барады
Екеудің Сартр жайлы әңгімесі
Жұмат пен Қасымхан Шаниндер
Биліктің табиғаты: Біз билікке не үшін қызығамыз?
Жолтай ЖҰМАТ-ӘЛМАШҰЛЫ. СІҢІР ҚАЙНАТПАСЫ (Әңгіме)
Ерғали Бақаш. Үрей
Әділет Ахметұлы. Сағыныш - егіз ұғым Жәркенменен
Қаламгерлер «Құрмет» орденімен марапатталды
Максималар мен қоғамдық ойлар...
«Қыпшақ Қоңыр» – түркі әлемінің ортақ қазынасы
ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЭКОЛОГИЯСЫ