Хамит Ерғалиев
ЕРҒАЛИЕВ ХАМИТ (1916 – 1997) 14 қазанда Атырау облысының Новобогат ауданында туған. Мұнай рабфагін бітірген соң, 1939 жылы Қазақ мемлекеттік университетінде оқыған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде очеркист, Қазақстан Жазушылар одағында поэзия редакциясының меңгерушісі боп қызмет істеген. 1959 жылдан өмірінің ақырына дейін бірыңғай шығармашылық жұмыспен айналысқан.
Өлеңдері алғаш баспасөз бетінде 1936 жылы жарияланған. Қырықтан астам төл кітаптары мен аударма жинақтары шықты. Проза саласында да қалам тартып, әңгімелерін, көркем очерктері мен публицистикаларын жеке-жеке кітап етіп ұсынды. «Әке сыры» (1947), »Үлкен жолдың үстінде» (1949), «Біздің ауылдың қызы» (1959), атақты «Құрманғазы» (1958), «Күй дастан» (1970), т.б. ондаған поэмалары бар. Шығармалары түгелдей дерлік орыс тіліне аударылып, Мәскеу баспаларынан бірнеше кітаптары жарық көрген.
Аудармашы ретінде Пушкин мен Лермонтовтың, Шекспир мен Байронның, Науаи мен Маяковскийдің туындыларын қазақ оқырмандарына жеткізді. Қырғыздың «Манас», қарақалпақтың «Қырық қыз» атты халықтық жырларын қазақшалауға қатысты. Қазақстанның халық жазушысы (1986).
Абай атындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының («Алтын зерең» өлеңдер жинағы үшін, 1981), республикалық Жамбыл атындағы сыйлықтың («Біздің ауылдың қызы» өлеңдер жинағы үшін, 1953) лауреаты, ІІ дәрежелі Отан соғысы, екі рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» және Халықтар Достығы ордендерімен марапатталған.
Шығармалары: Екі поэма. А., ҚМКӘБ, 1949; Біздің ауылдың қызы. Поэма. А., ҚМКӘБ, 1950; Сенің өзенің. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1953; Жайық жырлары. Өлеңдер мен поэма. А., ҚМКӘБ, 1955; Құрманғазы. Поэма. А., ҚМКӘБ, 1958; Дәуір дабылы. Өлеңдер, поэмалар. А., ҚМКӘБ, 1963; Өз көзімен өмірдің. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1965; Күн күмбез. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1968; Күй дастан. Поэма, өлеңдер. А., «Жазушы», 1970; Құтты қоныс. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1974; Санаттағы сарбаз. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1975; Жанарымда жұмыр жер. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1978; Алтын зерең. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1981; Таңдамалы. Шығармаларының үш томдығы. 1982 – 84; Өмір өрнегі. Эссе, очерк, публицистика. А., «Жалын», 1986; Жедел толғау. Өлеңдер, балладалар, поэмалар. А., «Жазушы», 1988; Демарш. Стихи, баллады, поэмы. А., «Жазушы», 1992; Шер толғау. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1993; Сонеттер. А., «Жалын», 1995; Ғұмырнама. Естелік-эссе. А., «Өлке», 1996; Жақсыдан шарапат. Эссе, очерк, көркемсөз. А., «Қайнар», 1996; Ұлтым дедім, ұлғайдым. Жыр кітабы. А., «Жазушы», 1997.

Көп оқылғандар
Бейімбет Майлин. Арыстанбайдың Мұқышы
Мұхтар Мағауин. Лəйла апай Əуезова
Сұраған Рахметұлы. Жасыл түстілер түрені
Сайын Назарбекұлы. Абай алпыс тонна бетонның астында жатыр
Тоқтарәлі Таңжарық. Сәулелі шеңбер дірілі
Жолтай Жұмат-Әлмашұлы. Анадолы әсерлері
Қуаныш Жиенбай. Үрей
Разия Акбар. Мен көрген Нибиру
Төлен Әбдіктің «Оң қолы»
Мұхтар Әуезов. Жетім
«baitursynuly.kz» сайтының таныстырылымы өтеді
Ұлт зиялыларын ұлықтаған
«Юз шеьр» кітабының тұсаукесері өтті
Baitursynuly.kz сайты таныстырылды
Ілияс Есенберлин. Махаббат үшін ерлік
Есенғали Раушанов. Жапандағы жалғыз ағаш
Әлібек Асқаров. Мұзтау
Аягүл Мантаева. Депрессия
Бекзада
Өлгеннен сұра өлеңді...
Күлтегін жыры (еркін әдеби нұсқа)
Арман Әділбек. Күн де батады
Мұхтар Мағауин. Лəйла апай Əуезова
Сұраған Рахметұлы. Метамодернизм
Шынар Әбілда. Саналы адам өзгерісті өз қолымен жасауға бейім
«Шахмаранның кітабы» адамзатқа неге бұйырмай қалды?..
Жадыра Шамұратова. Кешіру
Ретбек Мағаз. Қаралы күнгі ән
Қуандық Түменбай. Күнәнің бергі беті