Қазыбек би Келдібекұлы
Қазыбек Келдібекұлы – 1667 жылы Сырдария өзенінің жағасында дүниеге келген (нақты туылған жері белгісіз). Балалық шағын Қаратау мен Ұлытауда өткізді. Жас кезінен бастап, өзінің өткір ақыл-ойымен және терең білімімен ерекшеленген. Көптеген аңыз-әңгімелермен, мақал-мәтелдермен және нақыл сөздермен жақсы таныс болған.
14 жасында қазақ елшілерімен бірге, Жоңғар ханы – Сыбан Раптанмен келіссөздер жүргізуге аттанды. Өзінің батылдығының және шешендік өнерінің арқасында, халықтан ұрланған мүлікті елге қайтарып, тұтқындарды босатты. Оның шешендігіне таң қалған Сыбан Раптан, болашақ биді «қаз дауысты» деп атап, бұл ат Қазыбек бидің өмірінің соңына дейін сақталып қалды. Бұдан кейін, Жоңғар хандығына тағы да бірнеше рет дипломатиялық сапармен барған. Осындай сапарлардың бірінде, тұтқынға алынған Абылай ханды босата алды.
Қазыбек би Абылайды қазақ халқын біріктіре алатын адам ретінде қарастырып, оны азат ету үшін үлкен табандылық танытты. Сондай-ақ, келіссөздердің нәтижесінде, Түркістан қаласы және қазақтың 32 елді мекені жаудан құтқарылды. Тәуке хан Қазыбекті Орта Жүздің басты биі етіп тағайындаған. Ол үш жүзді біріктіруге үлкен үлесін қосып, жоңғар басқыншыларына қарсы жалпыұлттық күресті ұйымдастырған.
Сондай-ақ, «Жеті жарғы» заңдар жинағының авторларының бірі болып саналады. Тәуке хан өлгеннен кейін, Сәмеке, Әбілмәмбет және Абылай хандардың тұсында, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына белсене араласқан.
Атақты би 1764 жылдың желтоқсанында Семізбұға тауының етегінде қайтыс болды. Оның баласы Бекболат киіз үй салып, әкесінің денесін төрт ай бойы осында ұстады. Қар жауып болған соң, мәйітті Түркістанға жеткізіп, Ясауи кесенесінде жерледі. Қазыбек өмірінің барлық кезеңінде елімізді біртұтастыққа шақырды, хандар арасындағы алауыздықтарды шешіп отырды және көрші халықтармен өркениетті қарым-қатынасты орнатуға тырысты.
Көп оқылғандар
Оралхан Бөкей: «Әттең, Терісаққанға Есіл құйса ғой…»
Абыройлы ақын, ардақты ана...
Ұлан Қабыл: «Режиссура — жанның тыныштығы емес...»
Сырты – сыпайы, іші – толған намыс еді...
Жазушы Дидахмет Әшімханның туғанына 75 жыл
Жыраулар поэзиясындағы жер-су атаулары
Белгілі қаламгер Мақсот Ізімұлы дүниеден озды
АҚШ-та Бекзат жайлы кітаптың тұсаукесері өтті
Қайрат Асқар. Өмір – теңіз...
Тұспалды тұлға
Қазақ әке - қандай әке?
Жаңа уақыт жазушысы
Камал Әлпейісова. Атыңды ұмытпа, ұлым!
Жібек Болтанова. Сөнбейтін жұлдыз
Оралхан Бөкей: «Әттең, Терісаққанға Есіл құйса ғой…»
Ұлан Қабыл: «Грушені өлтіру – мен үшін ең ауыр шешім болды»
Әулеттің ендігі иесі – «смартфон-ұрпақ»
Атырау өңіріндегі жыршылық дәстүр
Асылбек Ықсан. Британ мысығы
Бала тәрбиесі: кеше, бүгін, ертең...
Ораз Исаев әдебиетке қалай қамқорлық жасады?
Абыройлы ақын, ардақты ана...
Әлия Бөпежанова: «Арамызда жаңа заманның қаһармандары жүр»
Mecenat.kz байқауының жеңімпазы анықталды