Рымқұл Сүлейменов
Рымқұл Сүлейменов (1939–2008) 7 маусымда Қарағанды облысы, Шет ауданына қарасты «Октябрьдің 40 жылдығы» совхозында (қазіргі Жоғары Қайрақты кенті) дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң, екі жылдай геологиялық-барлау партиясында бұрғышы, аудандық мәдениет үйінде мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастырушы болып еңбек етеді. Қарағандыдағы № 4 кәсіптік-техникалық училищесінде, Алматы жоғары партия мектебінде оқыған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.
Журналистік жолын 1957 жылы Шет аудандық «Ильич туы» газетінде бастаған. Ақтоғай аудандық «Арқа еңбектері» газетінің жауапты хатшысы, Ақадыр аудандық «Ақадыр таңы», «Агадырская новь» газеттерінің редакторы, бұрынғы Жезқазған облыстық «Жезқазған туы» газеті редакторының орынбасары, «Социалистік Қазақстан» газетінің Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі, Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі (бұл кезде республикалық «Ара» журналының Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі қызметін қоса атқарған), жауапты хатшысы, бас редакторы, тәуелсіз «Компас» газетінің бас редакторы болған. Қазақстан Жазушылар одағы Қарағанды облыстық бөлімшесінің төрағасы болып сайланған.
Алпысыншы жылдардың басынан әңгімелері, очерктері «Жұлдыз», «Жалын», «Қазақстан коммунисі» журналдарында, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан»), «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Қазақ әдебиеті» газеттерінде жарық көрген.
Шығармалары: Көңіл шұғыласы. Хикаят және әңгімелер. А., «Жалын», 1980; Ар алдында. Очерктер. А., 1985; Алашым – аңсарым. Хикаяттар мен әңгімелер. Қарағанды, «Орталық Қазақстан», 1991; Сағыныш. Хикаяттар мен әңгімелер. Қарағанды, «Орталық Қазақстан», 1993.
Көп оқылғандар
Әлмира Қали. Думан Рамазан әңгімелерінің поэтикасы
Мұхит Төлеген. Түбі бір түркінің ортақ әдеби бастауы
Айнаш Қасым. Сиыр алма жеген күн
Жазушы Тұрлыбек Мәмесейіт өмірден озды
Қанеки сөйле, қызыл тіл
Мақала жазып, қаламақы ал
Жолдыбай Базар. Қара дақ
Жолдыбай Базар. Қара дақ
Лаура Дәуренбекова. Әкім ағай
Ыстанбұл мемлекеттік университетінде халқаралық форум өтті
«Қазақша мәзір» республикалық конкурсынна шақырамыз
Оралхан Бөкей. Сарыарқаның жаңбыры
Досхан Жылқыбайдың «Квант» әңгімесі
Кеңсайдан кейісті хат
Елеусіз Мұқамәдиұлы - романист жазушы
Көк аспанда қырағы көз бар
Айбектің тылсым әлемі
Меценат роман бәйгесі мәреге жетті
Айнаш Қасым. Махаббат әуені (әңгіме)
«Өрікті көл» мен «Кесік бас – тірі тұлып» шығармалары немесе «Моңғолияға Әмірсана қайта келген кез»
Гүлмира Сәулембек. Шығарманың толық мәнін ашу кілті – оқырманда!
Әлмира Қали. Думан Рамазан әңгімелерінің поэтикасы
Саят Қамшыгер. Қарабақ (поэма)
Әкім Тарази. Күлтәй жеңешем мен Александр Солженицын
Дидар Амантай. Тәңірі жазған
Елеусіздің еңбегін елеген емеуріндер