Абдул-Хамид Мархабаев
Абдул-Хамид Мархабаев 1938 жылы 18 сәуірде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Ауан ауылында дүниеге келген.
1964 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін (журналистика бөлімі) бітірген. «Білім және еңбек» («Зерде) журналының әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі (1964–1967), Қазақ мемлекеттік университеті журналистика факультетінің ассистенті, аға мұғалімі, доценті (1967–1976), «Білім және еңбек» журналының бас редакторы (1976–1985), «Жаңа фильм» журналының аға редакторы, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеті Бас редакциясының аға редакторы (1981–1982), Қазақ орталық мұражайының баспа-редакция секторының аға редакторы, сектор меңгерушісі (1985–1987) болып істеген. Көп жылдан бері ҚазМҰУ-да ұстаздық қызметте. Филология ғылымдарының кандидаты (1972), докторы (2001), журналистика факультетінің доценті (1975), профессоры (1997).
1959 жылдан республикалық басылымдарда ғылыми-фантастикалық жанр саласында әңгіме-повестер жаза бастады. «Ғарыштағы қымыз» атты тұңғыш жинағынан (1972) бастап, «Арал әуендері» (1980), «Балалардың аман қалғанын айт!» (1997), «Аспанға құлады да кетті» (1997), «Жарылқаушы…» (1998), «Тосын ғарышхат» (1998), «Шортан планетасы, сен кінәлісің!» (2008), «Қызық қиял» (2008), т.б. ондаған көркем шығармалары жеке кітап болып шықты. Жеке туындылары «Қызыл сәуле» (1962), «Байқоңыр шоқ жұлдызы» (1979), «От-тас» (1981), «Жерұйыққа саяхат» (1984), «Отанымыздың тәуелсіздігіне тарту» (2006) және де басқа бірқатар жинақтарға енген. Кейбір шығармаларын орыс тілінде «Молодая гвардия» баспасының жыл сайынғы «Фантастика» жинағы, украин тілінде «Молодь» баспасы, молдован тілінде «Литература артистикэ» баспасы басып шығарды. Фантастика жанрының табиғаты мен теориялық ерекшеліктерін айқындайтын фантастикатану хақында «Қолыңды әкел, Келешек. Қазақ фантастикасы: кеше, бүгін және…» (1978), «Қазақ фантастикалық әдебиеті. Жылнамалау, қарастыру, топтастыру, даралау, қисындау, дәйектеу» (1998), «Қазақ фантастикасының поэтикасы» (2008) атты монографиялары, «Ислам–Ғылым–Журналистика» оқулығы жарық көрді. Аударма саласында шыққан еңбектері: әзірбайжан қаламгері Х.Ғасылованың «Жайлы мекен» (1974), В.Михановскийдің «Шексіздікке шеру» (1990), «Фантастикалық Америка әфсаналары» (2007).
2014 жылы 15 желтоқсанда дүниеден өтті.
Көп оқылғандар
Жаңа уақыт жазушысы
Соғыс. Қазақ прозасы
Әлия Бөпежанова: «Арамызда жаңа заманның қаһармандары жүр»
Жыр алаңындағы Жұбан
Астанада «Опералия-2025» халықаралық фестивалі басталды
Заря Жұманова. Әйелдер жалғыз еместігін білсін дедім...
Астанада мәдениет қызметкерлерінің форумы өтіп жатыр
Ардақ Үсейінова. Жалғыздық сарыны
Толымбек Әбдірайым. ҚОШ БОЛ, ВАЛЬС (Деректі әңгіме)
Басуға тыйым салынған кітап
23 сәуір – Ұлттық кітап күні
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды
Майдангерлер әзілінен
Қазамен хайп қазаққа керек пе?
Ар безбені (әңгіме)
Асқар СҮЛЕЙМЕНОВ. ӨМІРГЕ БЕРГІСІЗ ҚАЙРАН СӨЗ...
Үш тағаны берік ақын
Туған жерінен күштеп көшірілгендер трагедиясы жайлы кітап
«Дат, тіршілік, патша-ғұмыр алдияр...»
Елімізде «100 кітап» сауалнамасы басталды
«ДАРЫН» БАСПАСЫНЫҢ БИІГІ
Өнерпаз төрт ағайынды