Разия Рүстембекова
1948 жылы Қазақ мемлекеттік университетін, 1951 жылы осы оқу орнының аспирантурасын бітірген. 1956–1959 жж. Қазақтың көркем әдебиет баспасында редактор, 1959–1971 жж. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында оқытушы болған. 1964 жылы «Б.Майлиннің драматургиясы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды.
1971–1983 жж. М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер. Мұқан Иманжанов, Баубек Бұлқышев шығармаларын жинап, бастырған. Қазақ әдебиеті тарихы авторларының бірі.
Драматургия, әңгіме, комедия жанрына арналған сын-зерттеу кітаптары жарық көрген. Әдебиеттану саласында «Майлин драматургиясы» (1969), «Қазақ комедиясы» (1978), «Қазіргі қазақ әңгімелері» (1988) атты кітаптары шыққан. Көркем аударма саласында да еңбек еткен. «Үнді ертегілері», «Тамаша адамдар өмірінен» шағын әңгімелер, Д.Гулиа әңгімелерін қазақ тіліне аударған.
Көп оқылғандар
Сағымбай Жұмағұл. Міржақып нақылдары
Асқар Алтай. Тағдыр тақтасы (Эссе)
Айым Алтайқызы. Бір миллион теңге (әңгіме)
Талантты жаннан адамшылық іздейтінмін...
Алаш арыстары мен қазақ фольклоры Наурыз туралы...
"Асыл мұра" аудиошығармаларының тұсаукесері өтті
Али Акбар Талеби Матин. Наурыз - Иран мен Қазақстанның жүректерін біріктіретін мейрам
Абай ұлттың рухани бойтұмары
Алғыс айту күніне ақ тілектер
Еркебұлан Тіленіш. Тыныштықтың ырғағына тал билеп...
Күнікейдің жазығы не?
Кобо Абэ. Басқыншылар
Қасен Өтебайұлы ақынның өмірі, шығармашылығы
«Барокко болмыс» пен «Do Diez Minor»
Ұмтыл Зарыққан. Мінәжат (мини-поэма)
«Иірімге» бойлап көрсек...
Сағымбай Жұмағұл. Міржақып нақылдары
Камал Әлпейісова. Дүрбелең күнгі кездесу (әңгіме)
Ақлима Исмаил. Мақта қыз
Мо Янь. Үрей мен үміт
Әйел теңдігі дәуірлер бедерінде
Оразкүл Асанғазының "Отбасы берекесі" кітабы жарыққа шықты