Нұрдәулет Ақыш
Нұрдәулет Ақыш – 1950 жылы 15 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы Покровка (қазіргі Маңырақ) ауылында туған. Еңбек жолын қызылотау меңгерушісі болып бастаған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін бітірген (1973). Одан кейін Кеңес армиясы қатарында қызмет етіп келіп, білім беру, газет- журнал редакциялары мен баспа саласында, Ы.Алтынсарин атындағы Білім академиясында еңбек етті. 2002 жылдан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында әртүрлі деңгейдегі ғылыми қызметкерлік жұмыстар атқарып келеді. Қазіргі таңда осы институттың Тәуелсіздік дәуірі әдебиеті және көркем публицистика бөлімінің бас ғылыми қызметкері. Филология ғылымдарының докторы. Республикалық баспасөзде алғаш рет 1972 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде «Қиянда» атты әңгімесімен көрінген. Бүгінгі таңда жиырмаға жуық көркем және ғылыми кітаптардың авторы. «Қоңыр өгіз», «Жұмбақ іздер», «Күрмеуі қатты түйіндер», «Үндемейтін ұл», «Таң алдындағы дабыл», «Жатақхана қыздары», «Нағыз әже қайда?», «Мұңды жанардың сәулесі», «Дон-Жуанның қалыңдығы», «Көнбіс бәйбіше», «Рақымсыз көктем», «Аласа таулар аясында» және басқа да көптеген әңгіме-повестері жарық көрген. «Таң алдындағы дабыл», «Саяқ жауынгер» атты повестері арқылы әскери тақырыпқа қалам тербеген санаулы қазақ жазушыларының бірі. Жазушы ішінара тарихи тақырыптарға да қалам тартып жүр. Оның жекелеген мысалдары «Рақымсыз көктем», «Қалмақтан қашқан Қыстаубай» және «Афанасий Латута» атты көркем шығармалары арқылы көрініс тапқан. Кейбір шығармалары орыс, түрік, беларусь және ұйғыр тілдерінде жарық көрген. Қаламгер жемісті еңбек етіп келе жатқан саланың бірі - әдебиеттану мен әдеби сын. Туған әдебиетіміздің көкейкесті мәселелерін қозғаған сын мақалалары, ғылыми зерттеулері қазақ баспасөзінде үнемі жарияланып, бірнеше жинақтарға енгізілген. «Құрмет» орденінің иегері, жастардың «Жігер» фестивалінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі байқауының, халықаралық «Жамбыл» және «Алаш» сыйлықтарының иегері, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы. «Құрмет» орденінің иегері. Шығармалары: «Жұмбақ іздер» (1980), «Үндемейтін ұл» (1982), «Қиырдан келген көгершін» (1984), «Сынық домбыраның сазы» (1986), «Таң алдындагы дабыл» (1987), «Необыкновенное лето» (1989), «Жатақхана қыздары» (1990), «Ұры қыздың тағдыры» (2001), «Алтынбек, балалық шағы» (2003), «Бейуақта жанған от» (2010), (2010), «Момақан қыз» (2011), «Екі томдық таңдамалы шығармалары» (2011)), «Зұлмат жылдары қазақ прозасында» (2005), «Қазақ мемуарлық романы» (2011), «Замана рухы» (2014), «Рақымсыз көктем» (2016) және т.б.
Көп оқылғандар
Қуандық Түменбай: «Шоуға» жоқпын, сұғынбаймын...»
КӨКБӨРІ МҮБАРАК. АЙНАДАҒЫ ӘДІЛ СӨЗ
Тынымбай Нұрмағанбетовке “Отан” ордені табысталды
Асылбек Ихсан. Құмалақ
Еңбек адамдары қаламмен айшықталады
Табылды Досымовтың екінші өмірі
Ұжымдық кітап жазу мүмкін бе?
Лирик ақын Исраил Сапарбай өмірден өтті
Керей ханды сомдаған актер дүниеден өтті
Ұлттың асыл қазынасы
«Бұ қоныс – жеті жұрттан қалған қоныс...»
Триумфатордың трагедиясы
Халықаралық сарапшылар: Абай – әлем таныған ұлы ойшыл
Дәурен Қуат. Ай жерді жетелеп жүреді (хикаят)
Әңгімелер байқауы жарияланды!
Шөберенің қолында қайта жаңғырған домбыра
Мағжан шығармашылығы: рух пен сыр, сөз сұлулығы
Азаматтық поэзияның ары мен жүрегі
Маржан Ершу: Әйелдің сөзін сөйлеуді парызым деп білемін
Домбыра – қазақтың аспаптық бейнесі...
«Қазақконцерт» өзінің концерттік маусымын аяқтады...
Кітапхана қызметкерлері арасында республикалық мүшәйра өтеді
Домбыра: Түп- тамырдан бүгінгі күнге дейін…