Спандияр Көбеев
Спандияр Көбеев (1878-1956) - Абай, Ыбырай салған ағартушы-демократтық үлгідегі педагог- жазушы Спандияр Көбеев 1878 жылы 13 қазанда қазіргі Қостанай облысы Меңдіқара ауданында туған. Ол 1887 жылы Ыбырай Алтынсариннің өзінің көмегімен ұлы ұстаз ашқан мектепке түсіп, оны 1892 жылы бітіреді. Бұдан соң Қарағайлыкөл деген жердегі төрт жылдық мектепте, Қостанай қаласындағы екі сыныптық орыс-қазақ мектебінде оқиды. Ұстазы Ы. Алтынсариннің қазасынан кейін оның қызмет жолын жалғастыруды арман етіп, Қостанайдағы екі жылдық курсқа түсіп, бастауыш класс мұғалімі болып шығады. С.Көбеев балаларды Ыбырай әдісімен оқытады, ғылым негіздерін үйретеді. Мүғалімдік қызметінің алғашқы жылдарында И.А.Крыловтың мысалдарын аударып, сабақтарында пайдаланады. Ақыры көбейіп, өңделген шығармалары 1910 жылы Уфа қаласында "Үлгілі төржімө" деген атпен басылып шығады. Ұстазы Ы.Алтынсариннің ізімен балаларға арналған оқу құралын жазуды қолға алған С.Кебеев 1912 жылы Қазан қаласында "Үлгілі бала" кітабын бастырады. Бастауыш сынып балаларына арналған бүл оқулықта ол өзінің төл шығармаларын, орыс классиктерінің балаларға арналған әдебиет үлгілерін, қазақтың ауыз әдебиеті түрлерін, орыс мысалшыларының еңбектерін кіргізді. Надандыққа, ескішіл, сорақы салтпен күресу мақсатында ағартушыға көмекші құралдардың бірі - көркем әдебиет деп берік шешімге келген С.Көбеев "Қалың мал" романын жазады. 1939 жылы ол оқу-ағарту саласындағы ұзақ жылғы еңбегі үшін Ленин орденімен марапатталды. 1944 жылы "Қазақ КСР-на еңбегі сіңген мүғалім" атағы берілді. 1949 жылы екінші рет "Ленин" орденін кеудесіне тақты. Көрнекті қоғам қайраткері өзінің халық ағарту қызметіне арнаған өмірін "Орындалған арман" өмірбаяндық кітабында өрнектеді. Ол 1956 жылы 78 жасында қайтыс болды.
Көп оқылғандар
Әділет Ахметұлы. Сағыныш - егіз ұғым Жәркенменен
Саянның жаңа тынысы
"Махамбетті оқысам да, өлеңде басқа жолмен кеттім..."
Жазушы және қолжазба: қаламұш, мәшіңке, компьютер
Роза Мұқанованың шығармашылық әлемі
Арайлым Хабиболла. Қос жанарын күнәсіз жасқа малып...
"Танакөз" театрда
Автордың көмескіленуі
Роза Мұқанова шығармашылығы: әдебиет, театр, кино
Роза Мұқанова шығармашылығы аясында шеберлік дәрісі өтті
Бүгінгі проза: әдеби редакторлық дәстүр неге үзілді?
Жақсының көзі...
Домбыраның алтыны, қоласы бар...
«Кітапханашы күнделігі» сахнадан оқылды
2024 жылғы әдеби Нобельге кім ие болды?
Гүл Зарқұмар. Алтайыммен тамырлас ем, тіндес ем
Сәкен Сыбанбай. Суыту, қайта қарау деген қалып барады
Екеудің Сартр жайлы әңгімесі
Жұмат пен Қасымхан Шаниндер
Биліктің табиғаты: Біз билікке не үшін қызығамыз?
Жолтай ЖҰМАТ-ӘЛМАШҰЛЫ. СІҢІР ҚАЙНАТПАСЫ (Әңгіме)
Ерғали Бақаш. Үрей
Әділет Ахметұлы. Сағыныш - егіз ұғым Жәркенменен
Қаламгерлер «Құрмет» орденімен марапатталды
Максималар мен қоғамдық ойлар...
«Қыпшақ Қоңыр» – түркі әлемінің ортақ қазынасы
ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЭКОЛОГИЯСЫ