Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Жарбұлақта Зейнолла Сәнік атындағы сыныптың ашылуы өтті

12.10.2020 740

Жарбұлақта Зейнолла Сәнік атындағы сыныптың ашылуы өтті

Бүгін Үржар ауданына қарасты Жарбұлақ елдімекеніндегі орта мектепте сөз зергері, тарихшы-этнограф Зейнолла Сәнік атындағы сыныптың ашылуы өтті.

Бұл туралы белгілі ақын Ақберен Елгезек фэйсбуктағы парақшасында жазды. Салтанатты шараны “Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қоры” ұйымдастырды. Заман талаптарына сай жасақталған әдебиет кабинеті 3,5 млн. теңгеге жасақталған.

"Сол сыныпта білім алып, армандарын ұштайтын жасөспірімдер үшін қуандық. Сондай мүмкіндіктер жасаған Қанат Сәнік ағамызға, Қанекеңнің қасында осындай үлкен шаруаларды тыңғылықты ұйымдастырып жүрген ақын Серік Қалиев пен Жарқын Сәленұлы мырзаларға дән риза болдық...

Қор биыл жарты миллионға жуық қаржы жұмсап, үздік оқушыларға аталарының атындағы шәкіртақы тағайындапты. Шәкіртақысын алған оқушылардың бал-бұл жайнаған жүздерін көрген адам “е, әр қалталы адамның қолынан келетін шаруа ғой, өстісе болады ғой” деп риза көңілмен ойланып қалар еді. Осындай игі жұмыстар қазақтың ішінде көп болсыншы!.." - дейді қаламгер өз жазбасында.

Айта кетейік, Зейнолла Мүбәракұлы Сәнік 1935 жылы Қытайдың Тарбағатай аймағында дүниеге келген. Пекин қаласындағы орталық жастар институтын бітіріп, еңбек жолын баспагерліктен бастаған. Үрімжідегі жастар баспасында жауапты редактор болып қырық жылдай қызмет атқарған. 1955 жылдан бастап әдеби зерттеу жұмыстарын жаза бастаған. Сол уақытта Қытайда жүргізілген “мәдени төңкерістің” ауыр соққысына ұшырап, “халық жауы” болып, ауыр күндерді де өткерген.

Соған қарамастан, қаламгердің ғылыми еңбектерінен, роман, повестерінен құралған жиырмадан астам кітабы жарық көрген. Қазақстанда “Қаракерей Қабанбай”, “Хас батыр Қабанбай”, “Тұғырыл хан”, “Демежан батыр”, Халық күйшісі Қайрақбай”, “Баспай” атты кітаптары мен еңбектері жарияланған.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар