Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Заманауи Қазақстандық драматургия фестивалі іс-шара бағдарламасын және шорт-листті жариялайды

05.10.2021 601

Заманауи Қазақстандық драматургия фестивалі іс-шара бағдарламасын және шорт-листті жариялайды

Биыл 23-25 қазан күндері аралығында өтетін Қазақстандағы ең ауқымды драматургия фестивалі Drama.kz осы іс-шара аясында оқылымы болатын пьесалардың шорт-листін жариялайды.

Биыл байқауға Қазақстандық авторлардың 53 пьесасы келіп түсті. Фестиваліміздің әділ -қазылары бұл шығармалардың ішінен Алматы, Ақтөбе, Нұрсұлтан, Орал аймақтарынан қазақ және орыс тілдерінде жазатын авторлардың тоғыз пьесанын іріктеп алды.

Шорт-лист:

Мия Алгожаева «Төңкеріс», Алматы

Дидар Амантай «Терезе», Алматы

Софья Гордеева-Уфимцева «Нейтральные», Алматы

Малика Илахунова «Смена», Алматы

Муртас Кажгалеев, Олеся Цай «Миллион молодых фанатов», Уральск/Ташкент

Аманжол Қазыбек «018 – автобус», Нұрсұлтан

Ольга Малышева «Дилфизо и Донада», Алматы

Нурайна Сатпаева «Грехопадение свинки Пеппа», Алматы

Алмас Сексенбаев «Мужчина, который родил голубя», Актобе

«Биылғы жылғы шорт- лист ішінде біздің фестивалға осыған дейін қатысқан авторлардың пьесалары да, дебюттік мәтіндер де бар. Біздің шығармашылық топтың алға қойған негізгі мақсаттарының бірі- ол Қазақстандық авторлардың пьесалары еліміздегі мемлекеттік және тәуелсіз театрлардың репертуарларынан орын алса деген ниет. Drama.kz фестивалінің соңғы бес жылдағы жұмысының нәтижесінде біз елімізде өзінің қызықты, сапалы, өткір мәтіндерін ұсына алатын драматургиядағы жаңа ұрпақтың қалыптасып келе жатқанын дәлелдедік. Сондықтанда біз Қазақстандық театрлар осы заманауи драматургтердің пьесаларына көбірек назар аударады деген үміттеміз» деп өз ойын білдіреді фестиваль жетекшісі Олжас Жанайдаров.

Фестиваль аяқталғаннан кейін оқылымы болған барлық пьесалардың мәтіндері Drama.kz сайтында жарияланатын болады, шығармалармен танысқысы келген кез -келген оқырман осы сайтан қарай алады. Сонымен қатар, iKitapДYКЕНI платформасында бұл шығармалардың электронды жинағына тегін қол жеткізе аласыз.

Биылғы жылғы фестиваль (бес жылдық мерейтойы) Алматы қаласында 23-25 қазан күндері аралығында Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының, ARTиШОК және Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық Орыс драма театрларының сахнасында өтетін болады. Әрбір пьеса оқылымынан кейін автордың, аудиторияның және кәсіби театр мамандарының қатысуымен талқылау ұйымдастырылады.

Фестиваль аясында пьеса оқылымдарынан бөлек «Отандық театрлардағы заманауи Қазақстандық драматургия: утопия немесе шындық?» атты дискурс өтеді. 23- Қазан күні ТЮЗ- дің көркемдік жетекшісі Фархат Молдағалимен әңгіме-сұхбат, 24 күні ARTиШОК- та театр директоры Анастасия Тарасовамен кездесу, ал, 25 күні Лермонтов театрының көркемдік жетекшісі Роман Жуковтың қатысуымен дискурс болады. Бұл дискурстардың барлығы оқылым басталмас бұрыс фестиваль өтіп жатқан сол театр ішінде ұйымдастырылады.

Фестивальға кіру тегін. Ал, Алматы қаласында өтетін бұл іс- шараға келе алмайтындар үшін Cinema Tone Production компаниясы тікелей трансляция таратады, бұны фестивальдің YouTube-ғы арнасынан тамашалауға және бұл жазба кейінрек интернеттен табуға болады. Фестиваль антиковидке қатысты барлық қажетті ереже мен тәртіптерді қатаң сақтайды.

Drama.kz туралы барлық жаңалықтарды біздің сайтымыздан және Facebook -тегі арнайы парақшамыздан таба аласыздар. Фестивальдің уақыт кестесі жақын арада жарияланатын болады.

Бұл фестиваль Алматы Ашық Әдеби Мектебінің және Ресей Федерациясының театр қайраткерлері одағының қолдауымен ұйымдастырылып жатыр.

Drama.kz заманауи Қазақстандық драматургия фестивалі 2017 жылы драматург Олжас Жанайдаров пен ВТ театр директоры Айгүл Сұлтанбекованың инициативасымен құрылған болатын. Drama.kz әр жылы еліміздің түкпір -түкпірінен талантты авторлардың пьесаларын іріктейді және Алматыда осы пьесалардың оқылымын ұйымдастырады. Оқылым бұл мәтінді ұсынуға жол ашатын ерекше формат, актерлер шығарманы рольдер бойынша оқиды. Оқылымға қатысатын режиссерлер мен актерлер заманауи драматургиямен, жаңа тақырыптармен, жаңа тілмен жұмыс істеуге қол жеткізеді, осындай шығармашылық байланыс әдетте олар үшін жетіспей жатады.

Фестиваль соңғы біраз жыл ішінде жаңа драматургияның негізгі тәуелсіз лабораториясы және Қазақстандық авторлар үшін ашық коммуникация кеңістігі бола білді. Бұл жерде тек мәтіндерді ұсыну ғана болмайды, сонымен қатар, тәжірибелі мамандардың пікірін естуге, аудиториямен диалог құруға мүмкіндік бар. Әрі фестиваль аясында білім беру бағдарламалары да ұйымдастырылып келеді, бұл жерде белгілі театр қайраткерлері өздерінің шеберлік сағаттарын өткізеді.

Фестивальдағы оқылымдарды әр жылы әртүрлі режиссерлер қойып отырды, олардың ішінде: Галина Пьянова, Фархад Молдағали, Наташа Дубс, Дина Жұмабаева, Елік Нұрсұлтан, Виктор Немченко, Кубанычбек Адылов, Рустем Бегенов және тағы басқалары бар. Оқылымға жоғарғы оқу орындарындағы театр өнері курсының студенттері, сонымен қатар, танымал театр және кино әртістері, атап айтар болсақ: Михаил Токарев, Чингиз Капин, Роман Жуков, Рауф Хабибуллин, Сергей Уфимцев, Камилла Ермекова және ARTиШОК, Неміс театрының, Әуезов атындағы драма театрының, ТЮЗ- дің және басқада театрлардың актерлері қатысып келеді. Ал, білім бері бағдарламалары аясында қонақта режиссерлер Рашид Нугманов, Гульназ Балпеисова және драматургтер Светлана Петрийчук, Әннәс Бағдат сияқты спикерлер болды.

Драма.KZ-2021 фестивалінің пьесалары не туралы?

Мия Алгожаева «Төңкеріс»

Адамдар ылғи жаңашылдықтан қорқады. Сіздер де! Өйткені, орындықтан тұрып сабақ өтуге үйренбегенсіздер...

Дидар Амантай «Терезе»

Терезе алдында бәріміз де "теңбіз". Терезе артындағылар кім? Ескі терезелерді жаңа терезелер ауыстыра ала ма?

Софья Гордеева-Уфимцева «Нейтральные»

Пьеса о том, как попытка достичь равноправия любой ценой приводит к абсурду.

Малика Илахунова «Смена»

Хроника одного дня в ковидном отделении городской больницы.

Муртас Кажгалеев, Олеся Цай «Миллион молодых фанатов»

Комедия о музыкальном продюсере, решившем скрестить классику с современными трендами, но не решившем при этом множество личных проблем.

Аманжол Қазыбек «018 – автобус»

А-дан Б-ға бару үшін тоғысқан 13 тағдыр. Шопыр жеткізе ме діттеген жерге? Адам өзі тырмыса ма жетуге?

Ольга Малышева «Дилфизо и Донада»

Трагическая история про двух женщин из разных миров и эпох, но с одинаковой судьбой.

Нурайна Сатпаева «Грехопадение свинки Пеппа»

Драма о жизни четырех обитательниц роддома на фоне пандемии.

Алмас Сексенбаев «Мужчина, который родил голубя»

Абсурдистская трагикомедия о заботливом отце, столкнувшемся с всеобщим непониманием.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар