Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«Бүгінгі ақын» шығармашылық кеші өтті (фоторепортаж)

09.10.2020 838

«Бүгінгі ақын» шығармашылық кеші өтті (фоторепортаж)

Елордада "Бүгінгі ақын" атты шығармашылық кеш өтті. Әдебиетшілердің бұл жолғы жиналған жері - "Рухани жаңғыру" жобасының Нұр-Сұлтан қалалық кеңсесі, ұйымдастырған - "Парасат" оқырмандар клубы, ал модераторлық міндет ақын әрі дизайнер Жанна Бектемісоваға жүктелген екен. Мақсат сол баяғы авторларды бірімен бірін таныстыру, шығармаларын оқырманға насихаттау болса керек.

Отырыста астаналық ақын, жазушылар әдебиеттің маңызды мәселелерін талқылап, әсіресе қазіргі поэзия туралы ойларымен бөлісіп жатты. Содан соң, әрине, ағыл-тегіл өлең оқылды.

Жақсыны көрмекке, жақсы отырыста жарасымды әңгіме өрмекке. Әрі ақын, әрі заңгер Нариман Рахымов, ақын қыздар Гүлмира Шопанова, Мәлике Мүрсәлімова, "Я временно" өлеңдер мен эссе жинағының авторы Әлімжан Ахметовтермен бірге, аталған кешке порталымыздың бірер түйір әдебиетші ұл-қыздары - ақын Арман Шеризат пен "Интеллектуальная беседа" мультимедиалық жобасының авторы әрі жүргізушісі Балнұр Қызырбекқызы да қатысқан еді. Бұдан әрі суреттер сөйлесін, төменде өздеріңізге фоторепортаж ұсынамыз.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар