Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Әдебиет курстары жобасы

25.10.2021 1075

Әдебиет курстары жобасы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті қолдауымен «Қазақстан жастарының конвенті» ұйымы Қазақстанның жас жазушылары, ақындары мен драматург, сыншыларын қолдау мақсатында ӘДЕБИЕТ КУРСТАРЫ өткізуде.

Жоба мақсаты – қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани және мәдени мұрасын, сөз өнерiнiң асыл қазынасын жастарға жеткізу, Қазақстанның жас жазушылары, ақындары мен драматург, сыншылары үшін оқыту курстарын өткізу, жас әдебиетшілерге сапалы білім алу үшін жағдай жасау, жас дарындардың ақындық шеберлігін шыңдау, Қазақстанның жас жазушылары, ақындары мен драматург, сыншыларына шығармашылық дамуы үшін жағдай жасай отырып жастардың интеллектуалдық өресін көтеріп, эстетикалық талғамын ұштау, оған қоса қазіргі заманғы жазушылары, ақындары мен драматург, сыншыларындың шығармашылығын насихаттау болып табылады.

Жоба Қазақстанның 35 жасқа дейінгі жас жазушылары, ақындары мен драматург, сыншыларына арналған онлайн-форматында бір айлық тегін курс өтуде. Оқыту курсы онлайн форматта 21 күн, күніне 4 сағаттан.

Жобаны іске асыруға;

  • ақын, аудармашы, мемлекеттік сыйлықтың иегері – Айт Несіпбек Тұрысбекұлы;
  • жазушы, филология ғылымдарының докторы, абайтанушы, әуезовтанушы, алаштанушы - Тұрсын Құдакелдіұлы Жұртбай;
  • жазушы, драматург, мемлекеттік сыйлықтың иегері - Мұқанова Роза Қажығалымқызы;
  • айтыскер, ақын, филология ғылымының кандидаты - Дүйсенғазы Серікзат Мақсұтұлы;
  • Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері. Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы - Дәулеткерей Кәпұлы;
  • ақын, филология ғылымының докторы, профессор - Аймұхамбет Жанат Әскербекқызы;
  • сыншы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты - Амангелді Кеңшілікұлы Мырзабек;
  • жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты - Қуаныш Жиенбай;
  • ағылшын тілінің аудармашысы, оқытушысы, журналист, абайтанушы - Ернат Мелсұлы;
  • ақын, журналист, жазушы-сатирик - Түкібаев Базарбек Әмірбекұлы;
  • ақын, әдебиетші-журналист, драматург - Ұларбек Нұрғалымұлы;
  • жазушы, Шабыт халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты - Мырзахмет Алмас Әмірбекұлы;
  • ақын, “Дарын” сыйлығының иегері – Арман Шеризат;
  • ақын, “Дарын” сыйлығының иегері – Біржан Ахмер Ермекұлы жәнеде басқа жазушылар мен ақындар, зиялы қауым өкілдері жобаны кеңінен жүзеге асыруда. Қабиден Қуанышбай – жас ақын қатысушы.

Онаева Рига Талғатқызы – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің Репертуарлық саясат және өңірлік қызметті үйлестіру басқармасының басшысы: «Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес шығармашылық одақтар мен бірлестіктерді мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүйелі түрде қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанның жас жазушылары, ақындары мен драматург, сыншыларын қолдау, ынталандыру, олардың біліктілігін арттыру мақсатында ӘДЕБИЕТ КУРСТАРЫН өткізіп келеді.

Жоба мақсаты – қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани және мәдени мұрасын, сөз өнерiнiң асыл қазынасын жастарға жеткізу, жас дарындардың біліктілігін шынықтыру, Қазақстанның жас жазушылары, ақындары мен драматург, сыншыларына шығармашылық дамуы үшін жағдай жасай отырып жастардың интеллектуалдық өресін көтеріп, эстетикалық талғамын ұштау, шығармашылығын насихаттау.

Еліміздің 35 жасқа дейінгі жас жазушылары, ақындары мен драматург, сыншылары арналған онлайн-форматта бір айлық тегін курсқа қатысады.

Дәріс беретіндер: Айт Несіпбек, Жұртбай Тұрсын, Амангелді Кеңшілік, Мұқанова Роза, Аймұхамбет Жанат, Жиенбай Қуаныш және басқа да танымал, беделді жазушылар мен ақындар, сыншылар, зиялы қауым өкілдері.

Жоба соңында методикалық құрал шығарылатын болады.

Биыл тұңғыш рет қолға алынған «Әдебиет курстары» жобасы бұдан әрі жыл сайын өткізіліп отыратын болады. Бұл мемлекеттің әдебиет саласына, әдебиет өкілдеріне деген үлкен қамқор-қолдауы деп білемін».

Аталған курс қазанның 7 мен 30 аралығында өтуде.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар