Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«Абай әлемі» ғылыми байқауының жеңімпаздары анықталды

19.10.2021 619

«Абай әлемі» ғылыми байқауының жеңімпаздары анықталды

Студенттер мен магистранттар арасында өтетін байқауды Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы Мемлекеттік тілді дамыту қоры екі жылдан бері ұйымдастырып келеді.

Байқаудың мақсаты студенттер мен магистранттарды Ұлы Абайдың шығармашылығын зерттеу жұмысына тарту және дарынды жас ғалымдарды қолдау.

Байқау 17 наурыз бен 1 тамыз аралығында өтті. Оған Қазақстанның әр өңірінен 100-ден астам жас қатысты. Конкурстық жұмыстарды кәсіби мамандар мен белгілі абайтанушылар бағалады.

Байқауды ұйымдастыру арқылы біз ұлы қазақ ойшылы Абайдың мұрасын насихаттауға, дарынды жас ғалымдарды, олардың шығармашылығын анықтауға және қолдауға тырысамыз. Осылайша біз қоғамда халық дәстүрлерін, адамгершілік құндылықтарын және олардың бірегей шығармашылығын нығайтуға ықпал етеміз, — деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев қорының атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұлан.

Үздік ғылыми жұмыстар:

Студенттер арасында:

I орын - Кадылбекова Зульфира Кадылбекқызы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің 4 курс студенті. (400 000 теңге)

II орын - Әбдіғали Әсел Ахметжанқызы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 2 курс студенті. (300 000 теңге)

II орын - Макатова Аягөз Артуровна, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің 4 курс студенті. (300 000 теңге)

III орын - Әбдуәлиева Елікай Алдиярқызы, Еуразия гуманитарлық институның 4 курс студенті. (200 000 теңге)

III орын - Касенова Талшын Талғатқызы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің 3 курс студенті. (200 000 теңге)

III орын - Қамшыбек Ахмет Қанатұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттықуниверситетінің 2 курс студенті. (200 000 теңге)

Магистранттар арасында:

I орын - Шәмшиев Пердехан Рүстембекұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2 курс магистранты. (500 000 теңге)

II орын - Досыбекова Қымбат Балғабайқызы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 1 курс магистранті; (400 000 теңге)

II орын - Есмаханова Гульзира Нұрғалиқызы, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 2 курс магистранті; (400 000 теңге)

III орын - Бауыржанова Эльза Бауыржанқызы, Х.Досмхамедов атындағы Атырау университетінің 1 курс магистранты (300 000 теңге)

III орын - Зұбира Тұрсынбекқызы, Абай атындағы Қазақ ұлыттық педагогикалық университетінің 2 курс магистанті; (300 000 теңге)

III орын - Мухамадиева Сәния Сәрсенбайқызы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 2 курс магистранты. (300 000 теңге)

Үздік ғылыми жұмыстар «Abaialemi.kz» порталында жарияланады.

Baq.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар