Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Мультимедиа
Фото
Сырлы аспаптың сиқырлы үні

Сырлы аспаптың сиқырлы үні

ҚР Мемлекеттік орталық музейі Ұлттық домбыра күніне орай музей қорындағы қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары коллекциясының негізінде «Сырлы аспаптардың сиқырлы үні» көрмесін ашты. Мемлекеттік орталық музей қорында әйгілі өнерпаздар мен қоғам қайраткерлерінің елуден аса домбырасы сақталған. Олардың ішінен аса құнды 20 домбыра алғаш рет жылжымалы көрме арқылы көрермен назарына ұсынылды. Сонымен қатар, ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне Қазақстанның атынан ұсынылып отырған «Ортеке» көрме экпозициясы да ерекше орын алады. Көрмеге қойылған музыкалық аспаптардың үнін көрермен QR код арқылы тындауға мүмкіндік жасалған.

30.06.2022
Бөлісу: