Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Мультимедиа
Фото
Қаламгердің ізі қағазда қалады

Қаламгердің ізі қағазда қалады

ҚР Ұлттық академиялық кітапханада журналист-жазушы, ғалым-ұстаз, қоғам қайраткері Қуандық Шамахайұлын еске алу кеші өтті. Зиялы қауым өкілдері, мүдделес, рухтас аға- інілері, әріптестері, достары жиналатын бас қосуда марқұмның «Қаламгердің ізі қағазда қалады» атты жинағының тұсауы кесілді. Бұл кітап 2021 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу жәе насихаттау» бағдарламасы бойынша жарық көрген болатын. Жинақта автордың әдеби-көркем ой-толғамдарымен қатар қазіргі қазақ қоғамының өзекті мәселелерін көтерген публицистикалық туындылары топтастырылған.

 
27.06.2022
Бөлісу: