Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Кітаптар
Тағдыр мен тағылым
Рейтинг: 0.000
Автор:
ISBN:
978-601-7853-31-0
Беттер саны:
288 бет
Жанр:
Роман 
Тағдыр мен тағылым
Ұсыну

Өнердің ең үлкені – өмір сүре білу. Адамша ғұмыр кешу қиынның қиыны. Оның қатып қалған қағидасы, белгіленген ережесі, бекітілген заңы жоқ. Әр адам тәуелсіз тірлік кешеді. Ол аз бола ма, әлде көп бола ма кедір-бұдыр жолы, қиынқыстау асуы жетеді. Қызықтары да бір таусылмайды. Өмірдің баламасы жоқ. Олай болуы әсте мүмкін де емес. Сондықтан бір-ақ рет берілетін өмірде төрт құбыласы тең, жан-жағы сақадай-сай адам некен-саяқ. Бірақ бақыттымын деген адамның өзі бақытсыздықты сезініп, құлазуы әбден мүмкін. Өйткені бақыт деген ұғымның өзі салыстырмалы нәрсе. Әйткенмен өмір сүре білу әркімнің өзіне тікелей байланысты. Көңіліңіз қалаған еңбекпен шұғылдана жүріп, отбасының үйлесімін жасай білсеңіз, бақыттың шыңы – осы. Ол үшін кесе-көлденең кезіккен қиындықтың бәрін жеңе білуіңіз қажет. Қолыңыздағы қилы-қилы оқиғалары мол, танымдық, тағлымдық мәні зор ғұмырнамалық роман кім-кімнің де жүрегін тербеп, ой салары күмәнсіз. Кітап көпшілік оқырмандарға арналған.

Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Көп оқылғандар

Көп талқыланғандар