Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
Қытай туыс

БЛОГТАР

23 қаңтар 2021
402
1

Қытай туыс

(Әңгіме)

 

Жеті атасынан текті Қанапия әулетіне жеті атасынан зинадан туған көзі қылмыңдаған, қырықтың қырына шыққан Хынандық қара қытай жігіті тумасада туғандай туыс болды.

 

Мау Зыдұңның жерлесі болған соң Қанапия ақсақал басынан жұмсақ мінез байқатты...Кейде келетін жаман ойларына «елді жарылқаған, дүйім жұртты азатыққа жеткізген көсемнің жерлесі болса жаман бола қоймас» деп, өзін жубатты... Туыстарың Мазы Жияң сендердің әулетті байлыққа, бақытқа, дамуға жеткізетін құтқарушы жұлдыз, сондықтан әулеттің әр тірлігін онымен ақылдаспай істеуге болмайды деп, кешкі үйренуде аудан басшысының өзі қадап айтты. Қара жігіт дереу орнынан тұрып басын иіп, сенім білдіргендеріңізге рақмет дегендей тоңқаңдады. Артынша сөз алған аудан әкімінің көмекшісі жағымпаз Жалтақ бұл ұлы қорғанның ішінен келген Мазы Жияң ежелгі шығыс түрік қағанатының кезінде қытайларға ісіңген түркілердің ұрпағы, өз тусымыз деп, жанында тұрған оның арқасынан қағып-қағып қойды.

 

Ауылдағы ең әдемі таулы аймақты жергілікті үкімет оған алып берді, саяхат аймағын ашты. Ауылдағы қазақтың қыздарын аспаздыққа, жігіттерін дайашылыққа алып, көп адамды жұмыспен қамтыды.

 

Қазақтың этно мәдениеті аңқыған ас мәзірімен алыс-жақыннан хан текті басшыларды аудан әкімшілігі осында әкеліп қонақ жасап, саудасын жүргізді. Ауылдың ақымақ жігіттері да қолына көк тиын түссе осында шабатын болды. Ақшасы жоқта түнделетіп ту биені жарып беріп, айлап тегін тамақ ішіп, достарын ертіп келіп қалаған уақытта тойлап кете беретін әдет тапты.

 

Момын байдың жылқысы мен қой сиыры тез-тез жоғалатын болды.

 

Мазы Жияң ауылдың жалғыз «лаубаны» атанды. Қанапия әулетінің күзгі мал сату үшін аудандағы мал базарға түнделетіп бірнеше рет жаяу мал айдайтын ауыр тірлігі қысқарды...Көз алдына үйғыр ағайындардың базарға жетер-жетпес алдынан шыға, аржақ-бер жағына өтіп, шаршап келген бұларды ит жұлған тулақтай түтіп, есеңгіретіп барып, қойларын түске жақын өздері қалған бағаға алып қалатыны Қанапия ақсақалдың есіне түскенде Мазы Жияңның жақын жерден малын жоғары бағамен алғанына риза болды. Шынмен туыс шығармыз, «ана Жалтақтың айтқаны рас та шығар» деп, Қанапия қарт тұңғыш рет ойлады да, өз ойынан жиркене тез қайтты.

 

Бір жылдың ішінде аздап қазқша үйреген Мазы Жияң ортаға әбден сіңді, Қанапияның үлкен ұлы Талғатқа ауылдан ақ кірпіштен даңғаратып үй салып берді.Талғаттың ұлы мен қызын ұлы қорғанның ішіне сегізінші сыныптан кейін оқуға жіберді, қандай оқуға жіберді бұлар жақсы білмейді. Талғат пен келіншегі оның «жаксы оқу, жақсы оқу» деген шала қазақшасына қуанды. Талғаттың сұңғақ бойлы, сопақ бас әйелі оның әр келгенде үйіне әкеліп тастайтын азды-көпті қаладан әкелген базарлығына мәз. Тіпті, Талғатқа бір ауди жеңіл машинасын әкеліп берді. Осыншама жарылқаудың артында бірдеңе тұр-ау деп, Қанапия ақсақал қорықты, жүрегі бір жамандықты сезді, артынша есіне Мау көсем түскенде өз ойынан тез қайтты...

 

Қасы көзі қиылған, екі беті алмай, бота көз, қыр мұрын, ашаң жүзді, оймақ ерін осы үйдің кенже қызы Гүлбаранды қолына қондыруды ойлады Мазы Жияң.Осы жолда барын салды..аянбады.... Қызды көндірсем...бұлқынатын ағасын қозғалмастай еттім, шал қайда барады деп арам ойдың құдығын қаза берді.

 

Бір жолы ауданға кеткен Гүлбаранды алып келуге әдейілеп барды, қызға асыл тастардан қымбат силық жасады, жол бойы өзіне жұмысқа кіруге көндірді. Гүлбаран бас есепші болды. Басында күндіз бірер сағат болып, тез үйіне қайтып жүрді...  Кейінгі кезде Гүлбаран қашанда ақша ұстап Ма Зыжияңның қасында, жиптің ішінде жүретін болды. Жұрт жыбыр-жыбыр, күбір-күбір әңгіме айта бастады. Өмір бойы аттан түспеген Қанапия ақсақал, қашанда қыс болды жылқысын сойып, қазы жеп, қарта шайнауын ұмтыпаған, жаздай ұлы таудың басындағы ата қоныс жайлауда бие байлатып, екінші ұлы Екпінмен екі беті нарттай болып, ойға түскісі келмей, адамдардан алыс, тек табиғатпен тілдесіп, Жартқанды ұлықтап, бес намазын қаза қылмай күнасыз мекенде күн кешетін. Елуді еңсерген анау жылы үлкен қажылыққа аталарының жолын ұстап Мекке, Медина барып қайтқан, діндар тақуа ақсақал.

 

Ауылға келіп қайтқан Екпін қарындасы Гүлбаранның қытайдың машинасында кетіп бара жатқанын көріп, қатты ашуы келіп, сан ойдың ішінде түнерді...

 

Қызды шақыртып, іргеңді алыстат ол кәпірден деп, қатты қатты сөйледі.

 

Өзінен бес жас кіші тете қарындасы Гүлбаран ағасына қарсы тіл қатып: бұл кісі бізді дамытты деді.

 

-Біз одан бұрын дамығанбыз. Бақыт деген санада, өз өміріңе риза болсаң сол бақыт. Біздің өмір қандай тамаша, тауда, таза ауа, адал ас, Жаратқанды ұлықтап күн кешуден артық не бар...

 

-Тау, тау... жабайылық... дін ескіліктің қалдығы...

 

-Не дейді мынау....

 

-Мен сол Мазы Жияңмен үйленем... атып тұрып қызды қылқындырып жіберуге шақ қалған ағасы, өзін зорға ұстап, атын қамшылап жайлауға әкесіне тұра шапты...

 

Осы істен кейін беті ашылған Гүлбаран күн-түн демей қытай туыстың қасында ақша санап үйге түнеуін азайтты. Талғат басындағы үйін, астындағы машинасын, ұлы мен қызының оқуын ойлап, соларға бір қастық жасамасын деп, «у жеген іштен тынады дегендей» үні ішінде болды.

 

Қанапия ақсақал сахар уақытында қызы Гүлбараның қылығын ойлап таң намазын сан оймен оқыды. Кәпір қауымға қыз бергенің екі беті екі дүниеде күйеді,қыздың әке-шешесі, аға-інісі тозақта жанады деп қатты тістенді.

 

Екпінге таңғы шайда сен өзіңді сақта, өмірің алда деп, қысқа қайырды... Екпін де бірдеңені сезді. Үнсіздік, жүректен жүркке жол бар... жүзінен нұр тамшылаған асқар таудай әкесін атына қолтықтап мінгізді, Аллаң көтерісін балам деп, әке баласына қимай-қимай қарады... «мен Пайғамбар жасынан астым, базардан қайтқан адаммын...ел үшін атқа мінбесем, арсыздарға қатаң тиым салмасам болмайды деп, өзіне өзі күбірлеп кетіп барады.

 

Қанжығасында кемпірі еске қыл арқан, астында сал күрең ойнақтай жеңіл басады...құдды соғыс майданыа кетіп бара жатқан салдаттардай... Тұмсықты айланып әкесі көрінбей кетті. Қажылықтан келген соң, кемпірі қайтыс болды, сол кезде бұл қызы он жасқа толмаған еді, содан бері тәрбиесін қадағалайтын анасының болмаған ойлады, балаларыма өгей шешенің тізесін батырмайын деп, кемпір алмағанына өкінді.

 

Қанапия ақсақал жайлаудан келе жатқанда, үйленуге әке руқсатын алуға Гүлбран қытай туысты ертіп, жиппен жолға шыққан болатын...Таулы аймақтың тар жолында кездесті... әңгімелерін тыңдаған ақсақал күлімдеп, еркелеп тұрған қытайдың жуан мойнына қыл арқанмен шалма ұрып, сал күреңмен шу деді....өлігін сүйреген бойдан ауылдық үкіметтің алдына әкеліп бірақ тастады...

 

Батыс өңірді ашу, үшті дәріптеу (қытай мәдениетін дәріптеу,  ғылымды дәріптеу, озық техниканы дәріптеу) деп, келген көп қытай туыстың біразы артын қысып, жанымыз барда ел табайық деп, ақшаларын санамастан ұлы қоғанның ішіне зытып берді...

 


Бөлісу:
     

Пікірлер (1)

10.02.2021 21:12
Jaqsy jazghan. Biraq qate soz ote kop.
Пікір қалдыру:
Captcha